«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙҚАМДЫҚТЫҢ СОҢЫ – ӨКІНІШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері 130 миллион теңгеге тарта шығын келтірген 294 өрт болды. 30 адам, соның ішінде 5 бала қаза тапты. 20 адам түрлі дәрежеде күйікке шалынды, 46 ғимарат, соның ішінде 19 тұрғын үй, 48 бас мал, 120 тоннадан аса ірі сабақты жемазық, 9 автокөлік жанып кетті.

Петропавл қаласының Чайковский көшесі, 13 “А” бес қабатты үйдегі соңғы қабаттағы екі бөлмелі пәтерде 1,5 жасар баланың суқайнатқышты электр желісіне қосып, диванға тастауынан өрт шықты. Басқа бөлмеде болған ересектер өрт шыққанын бала жылаған соң ғана білген. Диванды, теледидарды, екі жұмсақ орындықты, терезені, бөлмеаралық есікті, еден жамылғысын от жалмады. Өрт шыққан жерден 15 адам, соның ішінде 2 бала құтқарылды – бәрі де аман-сау.
Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылында түн ішінде екі бөлмелі үй дәлізде сымның тұйықталуынан от құшағында қалды. Ерікті өрт сөндіру құрылымы – “Жарқынкөл” ЖШС-і мен ауыл тұрғындары отты құрықтады. Тек дәліз өртеніп кетті.



Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ұзынкөл және Ленинское ауылдарының арасындағы жол үстінде келе жатқан “Fotоn” көлігі шығынға ұшырады. Бұл көлік екі “КамАЗ” машинасының соңынан ілескен екен. Олардың жүргізушілері отқа оранған көлікті байқап қалып, жалма-жан сөндіруге ұмтылады. Алты өрт сөндіргішті пайдаланып, отты ауыздықтады. Алайда, жаланған жалын қойсын ба, көліктің кабинасын, екі алдыңғы дөңгелегін, мотор бөлігін жалмап үлгеріпті. Өрт мотордың электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққаны анықталған.
Облыстың барлық жерлерінен ТЖ департаментіне тұрғын үйлердің маңындағы кепкен ағаштардың, қамыстың, қоқыстардың жануынан өрт шыққаны туралы дабыл түсіп жатады. Оның салдары – адамдардың салдыр-салақтығы, бейқамдығы. Көктемгі-жазғы уақытта от жаққанда сақ болу қажет. Әсіресе, желді күндері құрылыстардың маңында 50 метрден жақын тұста от жақпаңыздар, жазғы демалыс күндері балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Өрт шыға қалған жағдайда “101” және “112” телефондарына хабарласыңыздар.

 

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp