«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Жуырда “Ақ бота” балабақшасында “Балалардың сөйлеу тілін дамытудағы педагогикалық технологиялар” атты тақырыпта мектепке дейінгі мекемелердің педагог-тәрбиешілеріне арналған семинар өтті. Онда өз мамандығының қыр-сырын меңгерген қазақ тілі, орыс тілі мұғалімдері, тәрбиешілер, ән-күй жетекшілері, хореограф, логопедтер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойынның алар орны ерекше. Тәрбиеші Нүрила Тілеулина “Орманға саяхат” тақырыбында модель бойынша әңгіме құрастыру” атты зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл сабақ баланың тілін дамыта отырып, ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырса, Анастасия Слетина “Сиқырлы орманға саяхат” тақырыбында үлгі бойынша сөйлем құрастыру арқылы балаларға заман талабына сай жан-жақты білім беруде жаңа үрдістер мен инновациялық технологияларды кеңінен қолданды.
Семинарға келген қонақтар педагог-тәрбиешілердің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне және балалардың сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтарына тәнті болғандарын ризашылықпен білдірді.
Тәрбиеші-педагогтерге бағыт-бағдар, балабақша тәрбиеленушілеріне тәлімді тәрбие, сапалы білім беруде балабақшамыздың әдіскерлері Ләззат Алданазарова мен Вера Бикбаева шығармашылық ізденіспен еңбек етуде.
Еліміздің болашақ ұрпағын халық педагогикасы негіздеріне сүйене отырып тәрбиелеу, оларды елін, жерін сүйетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін қасиеттерге баулу, ата-бабамыздың салт-дәстүрін бойына сіңіру – біздің ұжымның басты міндеті.
Гүлжан ИЛЬЯСОВА,
“Ақ бота” балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp