“Солтүстік Қазақстан”.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстық филармониялары Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма теат-рында “Сарыарқа әуендері” шығармашылық жобасы аясында қорытынды концерт берді.
Бұған дейін екі өңірдің беткеұстар өнерпаздары бірқатар шығармашылық кештерді бірлесе ұйымдастырған болатын. Көкшетаулық тыңдармандардың назарына ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Колчиннің басқаруындағы камералық хордың, “Туған жер” би ансамблінің, “Қызылжар” халық әуендері ансамблінің, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен “Әлқисса” фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламалары ұсынылды. Ақмола облысының өнерлілері де облысымызға құралақан келмепті. Жергілікті қауымға көкшетаулық “Айнакөл” фольклорлық ансамблі, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, “Гәкку” би ансамблі мен симфониялық оркестр өнер көрсетіп, шеберліктерімен қуантты.
Қорытынды кеште Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің өнерін тамашаладық. Олардың орындауында Құрманғазының, Д.Нүрпейісованың, Түркештің, Сегіз серінің, Н.Тілендиевтің туындылары әуеледі. Сондай-ақ тыңдармандар назарына Моцарттың, А.Алябьевтың, Ш.Гуноның К.Күмісбековтің, С.Мұхамеджановтың, Ж.Тұрсынбаевтың және тағы басқаларының шығармалары ұсынылды. ҚР еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, Бисара Мәкенова, мәдениет қайраткері Мереке Бекмағамбетов, Мара Есмұқанова, Жанат Алпысбаева сынды сахна майталмандары кештің сәніне айналды.