«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“А” корпусына үміткерлер әңгімелесудің қорытынды кезеңіне қатысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №524 Жарлығын орындау үшін облыс әкімі С. Ескендіровтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік кадр комиссиясы жұмыс істеді. Комиссияның құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, өңірлік кадрлық комиссия төрағасының орынбасары Т.Қаскин, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Едіресов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы В.Дудов, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Д.Едіресов болды.
Комиссия 2013 жылғы 28 мамырда “А” корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіндегі тестілеудің оң нәтижесін алған 12 үміткерімен әңгімелесудің қорытынды кезеңін өткізді. Барлық материалдар Ұлттық кадр саясаты жөніндегі комиссияға жіберіледі.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp