«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ӨРЕНДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қоршаған ортаны қорғау жылына арналған “Пою мое Отечество…” студент жастардың шығармашылық фестивалі болып өтті.

Жанна БЕРЕЖНАЯ,

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Ол дарынды жастардың назарын тарихқа, өнерге, елдің табиғи байлығына аударуға, оларға ұқыпты қарауға арналған. Бұл шараның ұйымдастырушысы – Түмен қаласындағы Батыс-Сібір мемлекеттік колледжі. Фестивальға Поволжье, Орал, Батыс Сібір, Бурятияның техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінен 240 өкіл қатысты. Қазақстанның намысын Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі (СҚ КПК) ғана қорғады. Фестиваль 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде фотосайыс пен авторлық өлеңдер сайысы болды.

 

Колледж оқушысы Анастасия Хайбрахманова авторлық өлеңдер сайысы лауреатының дипломын иеленді. Михаил Михайлов, Дана Мұхаметжанова, Руслан Бекпергенев фотосайыс лауреаттары атанды.

Колледж туралы бейнероликті театрландырылған қойылым ұсынған СҚ КПК шығармашылық ұжымы “Будем знакомы” таныстыру карточкалары аталымында ІІ дәрежелі дипломмен атап өтілді.

Фестивальдың екінші күні оқу мекемелері концерттік бағдарламалар ұсынды. Конкурсанттар өздерінің таланттарын вокалдық орындауда, хореографияда, көркем сөзде, соны түрдегі жанрда көрсетті. СҚ КПК шығармашылық ұжымының “Менің Қазақстаным – менің жерім!” концерттік бағдарламасына домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен орындалған музыкалық шығармалар, “Проголосуй за Казахстан!” және “Қазақ жері” атты әндер, заманауи “Street dance” және “Жалын” қазақ билері және де “Моя Родина – Казахстан!” прозалық үзіндісі енді. “Казахстан-Россия” әні көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Қойылым барысында Қазақстан Республикасының, Астананың және Петропавлдың көріністері бар слайдтар көрсетілді.

Біздің колледж сайыскерлері төрт аталымда әртүрлі дәрежедегі лауреат атанды. Құрамында колледж жастарының істері бойынша комитеттің төрайымы Әлия Тәшенова, “Әлеуметтік-мәдени қызмет және көркем халық шығармашылығы” мамандығының оқушылары Анастасия Хайбрахманова, Жантілеу Тасболатов, Аяулым Айтмағанбетова, Сұлушаш Аймұхамбетова бар вокалдық топ “Эстрадалық вокал” аталымында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жантілеу Тасболатов, Аяулым Айтмағанбетова “Эстрадалық вокал” аталымында “Қазақ жері” әні үшін, Анастасия Загаевская мен Анна Козлова “Эстрадалық хореография” аталымында “Жалын” әні үшін ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Концерттік бағдарлама қорытындысында СҚ КПК шығармашылық ұжымының “Менің Қазақстаным – менің жерім!” бағдарламасы ІІ дәрежелі дипломмен аталып өтті. Колледж әкімшілігінің атына Алғыс хат жіберілді.

Поволжье мемлекеттік колледжінің (Самара қ.) шығармашылық ұжымы “Пою мое Отечество…” фестивалінің жеңімпазы атанды.

Балалар Түмен қаласының тарихымен танысып, роктоптың концертін тамашалады, ыстық сулы өзенге шомылды, “Фестивальный” саябағының ашылуына қатысты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp