«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Beeline Қазақстан” 250 теңгеден үш номиналды жаңа төлем картасын шығарды.

Төлем картасының жаңа номиналы “Beeline” абоненттеріне ыңғайлы болуы үшін, сондай-ақ абоненттерге өз шотының теңгерімін толтыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жасалған.
“Біздің карталарымыз жаңа, ыңғайлы үш пинді форматта – бір картада номиналы 250 теңгеден үш пин орналастырылып жасалған. Клиент өз қалауы бойынша теңгерімін, сәйкесінше 250, 500 немесе толық 750 теңгеге толықтыра алады”, – деп “КаР-Тел” ЖШС-нің Жалпы нарықта сату бөлімінің директоры Елена Чернова өз пікірін білдірді.



Бұған дейін, “Beeline Қазақстан” абоненттерінің төлем картасы карта арқылы шотын толтырудың ең төменгі номиналы 500 теңгеге тең болған. Енді, нақты ақшаны қабылдайтын төлем терминалдары жоқ ең шалғайдағы және шағын елді мекендердегі клиенттер өз шоттарын шағын сомаға – 250 теңгеге толтыра алады. Жаңа төлем карталарын “Beeline”-нің дистрибуциялық желілерінде, соның ішінде сату кеңселерінен, “Азбука Связи” салондарынан, бірегей салондардан, дилерлердің салондарынан және сауда нүктелерінен алуға болады.
Жаңа картаны “Beeline” ұялы байланыс қызметінің ақысын төлеу үшін және “Үйдегі Интернет” қызметінің ақысын төлеу үшін еліміздің барлық өңірлерінде және роумингте пайдалануға болады.
(Өз тілшімізден).

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp