«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЫСЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Балалар, кәдімгі үй мысығының бірнеше түрі барын білесіңдер ме? Мысықтар үлкен және кішкентай болып бөлінеді. Үлкен мысықтар ырылдайды, бірақ пырылдамайды. Кішкентай мысықтар пырылдайды, бірақ ырылдай алмайды.
Арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, теңбілше, құм мысығы – бұлардың барлығы мысықтар тұқымдасына жатады. Олар әдетте аңға шығады және жемтігінің орнын анықтау үшін есту және көру қабілетіне сүйенеді. Мысық адам сияқты табанымен емес, саусағының ұшымен жүреді. Мысықтардың өз жемтігін өлтіру үшін өткір тісі мен қысқа қашықтықта жүгіру үшін мықты аяқтары бар. Олар икемді омыртқа жотасының арқасында жүгіргенде майысып, бұрыла алады.

Мысықтар тұқымдасының барлығы суда тамаша жүзеді, бірақ суға түспейді. Қабыландар ағашқа жақсы өрмелейді. Мысықтардың терісінің әдемілігі адамдардың қызығушылығын тудыруда. Олардың ноқаттары немесе жолақтары болады. Терісі үшін заңсыз аулау мысықтардың сиреуіне әкелді. Олар мұз басқан таулардан ылғал тропиктік джунглилерге, қапырық шөлдерге дейінгі аралықтағы түрлі орталарда мекендей алады. Үй мысықтары бүкіл дүниежүзінде бар. Ал жабайы мысықтар тек таңдаулы жерлерде ғана өмір сүреді. Мына қызықты дерекке қараңыздар, мысықтың құлақтары бір-біріне тәуелсіз: біреуі алға қарай, ал екіншісі артқа қарай қозғала береді. Мысықтар ультрадыбыстарды да ести алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp