«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ҚАСІРЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Аза күні облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған өңір зиялылары, ардагерлер мен жастар, қалың жұртшылық жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жақынынан айрылған жандардың қабырғасы қайысатын, барша қазақтың аза тұтатын күні алаңға жиналғандар бір сәт саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Еске алу қабырғасына көз тікті. Мұнда зобалаң жылдары қаза тапқан 7 мыңға жуық боздақтың есімдері қашалған. “Бұл орны толмас оқиғаның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақ баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек”, – десті алаңдағылар. 

Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp