«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2013 жыл-дың 28 мамырынан Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған құны 50 теңгелік естелік тиынды айналымға енгізгенін хабарлады. Ол нейзильбер қорытпасынан құйылған.

Естелік тиынның беткі жағында “М.Жұмабаевқа – 120 жыл” деп жазылған, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында “ҚҰБ” аббревиатурасы орналастырылған. Астыңғы бөлігінде теңгенің құнын көрсететін “50 ТЕҢГЕ” деген жазу бар. Құнның оң және сол жақ қапталдарында ұлттық өрнек элементтері бейнеленген. Айнала жиегінде мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТ-ТЫҚ БАНКІ” деген жазу және шығып тұрған көмкермесі бар. Келесі жағына оң жақ бетінде Мағжан Жұмабаевтың бейнесі салынған ашық кітап орналастырылған. Ал кітаптың сол жақ бетіне “МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 120 ЖЫЛ” деген жазу мемлекеттік тілде төрт жолға жазылған. Теңгенің жоғары бөлігіне оның соғылған жылын білдіретін “2013” деген сан жазылған. Айнала жиегінде шығып тұрған көмкерме бар. 
Тиын нейзильбер қорытпасынан жасалған, диаметрі – 31 мм., салмағы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.
Құны 50 теңгелік естелік тиын Қазақстан Республикасының барлық аумағында өзінің белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлеріне қабылдануға, сонымен қатар барлық салымдарға, аккредитивтерге және аударымдарға есепке енгізілуге міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде ұсақтауға және айырбастауға шектеу қойылмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp