«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2011 жылдың 25 маусымынан бастап газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасында жүргізіле бастаған “Фотобайқау” сайысы, міне, өз мәресіне жетті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Солтүстік Қазақстан” газеті редакциясы байқауға қатысушыларға сыйлықтар табыстап, мерекемен құттықтады. 

 

2 жыл қатарынан үзбей өткізілген байқауға өңіріміздің бірталай аудандарынан бүлдіршіндердің қызықты суреттері келіп түсті. Әсіресе, Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев және облыс орталығы белсенділік танытты. Ай сайын шығатын аталмыш қосымшада үміткерлердің қызықты сәттері мазмұнды өлең шумақтарымен жазылып, әсемделіп басылды. Байқаудың шарты бойынша үміткердің жасы 3-тен аспауы тиіс еді. Десе де, бүлдіршіндердің қызықты сәттерін объектив назарына түсіріп үлгерген ата-аналар балаларының жасына қарамастан, суреттерін редакциямызға жіберіп жатты. Байқауға 20-дан аса фотосурет келіп түсті. Халықаралық балалар күніне орай байқаудың қорытындысы шығып, сайыскерлерді “КарТел” ЖШС-і (“Beeline” сауда белгісі) үлестірген сыйлықтармен “Солтүстік Қазақстан” газетінің шеф-редакторы Роза Шәкенова марапаттап, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына зор денсаулық тіледі.

СУРЕТТЕ: “Фотобайқау” сайысына қатысқан бүлдіршіндер мен ата-аналары.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp