Павлодарда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін бокстан V халықаралық турнир өтті.
“Баянтау” спорт сарайының рингінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Украинаның мықты деген 167 боксшысы жұдырықтасты. Турнир спортшылар арасында AIBA-ның ережелері бойынша 10 салмақ дәрежесінде өтті.
Аталмыш сайыста жерлес былғары қолғап шебері Игорь Шанин 91 кг. салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп, 3-орынды иеленді.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.