«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.06.2013

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Кеше, еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 488 оқушы білімдерін сарапқа салды. Бұл түлектердің 13-і – “Алтын белгіге” үміткер.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанның мек-теп түлектері үшін сынақтың бұл түрі енгізілгеніне – 10 жыл. Үстіміздегі жылы Қазақстан бойынша 100 мыңға тарта түлек ҰБТ …

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ Read More »

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 34-ОРЫНДА

Қазақстан Швейцарияның халықаралық менеджмент институты мамандары (Institute of Mana-gement Development (IMD) жасаған бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 34-орын алды.Tһe World Competiveness Scoreboard-2013 рейтингіне 60 ел қатысады. Онда бірінші орында АҚШ тұр (2012 жылы екінші), екінші позицияға Швейцария (2012 жылы үшінші) орналасқан. Өткен жылғы рейтингтің көшбасшысы Гонконг биыл үшінші орынға түсіп қалды. Төртінші орында – Швеция (2012 …

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 34-ОРЫНДА Read More »

ЕГІНШІЛІКТЕ ДЕ, МАЛ ӨСІРУДЕ ДЕ ЕЛДІҢ АЛДЫНДА БОЛУҒА ТИІСПІЗ

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда болды. Өңір басшысы мұнда көктемгі егіс науқанының барысымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.  Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. Данаш ХАМЗИНА, журналист. Самат Ескендіров Айыртау ауданындағы “Ратмир” ЖШС-нің танап басында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Диқандар жанар-жағармай, тұқыммен толықтай қамтамасыз етіліпті. Лизинг арқылы арнайы техника да …

ЕГІНШІЛІКТЕ ДЕ, МАЛ ӨСІРУДЕ ДЕ ЕЛДІҢ АЛДЫНДА БОЛУҒА ТИІСПІЗ Read More »

БҮЛДІРШІНДЕР БАҚЫТҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Халықаралық балаларды қорғау күні өңір басшысы Самат Ескендіров облыс орталығындағы балалар мекемелерін аралап, олардың тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.  Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл күні облыс әкімі Петропавл қаласындағы “Сәби үйі” мемлекеттік мекемесінде болып, ондағы тәрбиеленіп жатқан бөбектерді төл мерекелерімен құттықтады.

ТҰМАРДАЙ ҚАСИЕТ ТҰТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Фарида ТҰЯҚОВА, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – баршамыздың міндетіміз. “Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы”, – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік рәміздердің өміріміздегі мән-мағынасын, маңызын ашып …

ТҰМАРДАЙ ҚАСИЕТ ТҰТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ Read More »

АШЫҚТЫҚ, ТАТУЛЫҚ және КЕЛІСІМ БЕЛГІЛЕРІ

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бет-бейнесі, өткені, бүгіні және болашағы. Ту, Елтаңба және Гимн – жас мемлекеттің егемендігінің көзге оттай басылар сенімді дәлелі.    Виктория ХОВАНСКАЯ, С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың библиографы. Үстіміздегі жылы 4 маусымда дәстүрлі түрде Мемлекеттік рәміздер күнін тойлайтын боламыз. Облысымыздың кітапханалары аталмыш күнге арнап дәстүр мен жаңашылдықты ескере отыра, түрлі үлгідегі шараларды …

АШЫҚТЫҚ, ТАТУЛЫҚ және КЕЛІСІМ БЕЛГІЛЕРІ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ

Ирина САҚТАНОВА, облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы.   Елімізде жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі. Бұл күн 1992 жылы “Мемлекеттік Елтаңба туралы”, “Мемлекеттік Ту туралы” және “Мемлекеттік Әнұран” туралы заңдарға қол қойылған күнге орайластырылған.

Облыстағы туристік қызмет

Біздің отандастарымыз алыс шетелдерден Түркияға (49,6%), Тайландқа (10,6), Египетке (8,2) және Біріккен Араб Әмірліктеріне (7,3%) баруды ұнатады.2012 жылы біздің облыста турды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынатын 20 туристік фирма мен 48 субъект 76,6 мың адамға қызмет көрсетті. Олардан айтарлықтай үлесті ішкі бағыттағы туристер алады (87,5%, немесе 67 мың адам). Қазақстан Республикасынан тыс елдерге 5555 адам шықты, …

Облыстағы туристік қызмет Read More »

Облыс тұрғындарының балғын бөлігі

Көптен күткен жаз Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен басталады. 2012 жылы облыста 8,7 мың сәбидің өмірге келуі тіркелген, немесе тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 14,98 (2011 жылы – 14,76) жаңа туылған. 2012 жылғы халықтың табиғи өсімі тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 1,41 (0,87) құрады. 2012 жылы туылғандардың жалпы санынан ер балалар қыздардан 48,8% (48,1) көбірек 51,2% (51,8).

2013 жылғы сәуірдегі жалақы

2013 жылғы сәуір айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 70101 теңгені құрап, 2012 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 8,5%-ға өсті, нақты көріністе 2,0%-ға өсті.Орташа облыстық көрсеткіштен әрқайсысында 1,6 және 1,5 есе асып түскен, қаржылық және сақтандыру қызметінде (113512 теңге), көлік және қоймалау (105734 теңге) жалақының ең жоғары мөлшері атап өтілді. Білім (59542 теңге) және өнер, …

2013 жылғы сәуірдегі жалақы Read More »

Жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

2013 жылғы 1 сәуірдегі алдын ала деректер бойынша облыс нарығында белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны облыста – 24 042. Соның ішінде 78,8% – жеке кәсіпкерлер, 11,9% – шаруа қожалықтары, 9,3% – заңды тұлғалар. Өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16,9%-ға артты.2013 жылғы 1 сәуірдегі …

Жұмыспен қамтылғандардың саны артуда Read More »

2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі облыстың экономикалық және…

2013 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,1%-ға, бөлшек сауда 24,7%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 44,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

АЛАҢДА – АУЫЛ ФУТБОЛШЫЛАРЫ

“Ақ бидай” жазғы ауыл спорт мерекесі аясында Ғабит Мүсірепов атындағы Уәлиханов және Шал ақын аудандарында футболдан аймақтық сайыс өтті.Сайыстың қорытындысы бойынша әр аймақта топ жарған Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың және Шал ақын аудандарының құрамалары “Ақ бидайдың” ақтық кезеңі өтетін Тимирязев ауданында алаң иелерімен кездесетін болады. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

ИРИНАНЫҢ 5 МЕДАЛІ

Тараз қаласында ҚР ІІІ Жастар ойындары аясында жүзуден сайыс өтті. Аталмыш додада өңір намысын абыроймен қорғаған Ирина Сорокина 4 алтын мен 1 күміс медальді қанжығасына байлап қайтты. Тарқатып айтатын болсақ, 200, 400 метрге кешенді жүзуде және 100 метрге брас әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге кешенді жүзуде үшінші болды. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының …

ИРИНАНЫҢ 5 МЕДАЛІ Read More »

ҚОС АЛТЫН – ҚОЛДА…

Германияның Дормаген қаласында аяқталған әйелдер арасындағы халықаралық сайыстан солтүстікқазақстандық балуан қыздар жүлдемен оралды. Өткен жылы күрестен Азия жеңімпазы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Марина Зуева (46 кг.) мен Кристина Яловенко (51 кг.) сайыстың ақтық сынында алаң иелерінің жауырынын жер иіскетіп, елге алтын жүлдемен оралды.  Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.  

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Онда Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаев өңірімізде орын алған апаттық оқиғалар мен фактілерді тілге тиек етті. ТЖД бөлімшесі бастығының айтуына қарағанда, өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 28 пайызға азайып, одан келген адам шығыны – 11, …

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС Read More »

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Мамырдың 27-сі мен маусымның 21-і күндері аралығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудегі басты мақсат – тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мекеме, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, газ, …

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ Read More »

ПЕДАГОГТЕРДІҢ І ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

“Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында “Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәрбиешісі – 2013”, “Бастауыш сыныптардың үздік педагогі – 2013”, “Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі – 2013”, “Үздік әлеуметтік педагог – 2013” І облыстық конкурсы өтті. Оған 64 мұғалім қатысты. Раушан ҚАЗБЕКОВА, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығы” ЖШС директорының орынбасары, …

ПЕДАГОГТЕРДІҢ І ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ Read More »

АЛИМЕНТІҢДІ ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙСЫҢ Облыста “Ашық шекара” акциясы басталды

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушылары маусым-ның 1-і мен 30-ы аралығында алименттер өндіріп алу бойынша “Ашық шекара” атты акция жариялайды. Акцияның мақсаты алименттер төлемі бойынша қалыптасқан жағдайға әсерін тигізу. Акция барысында борышы барларға шетелге шығуға болмайды. Петропавл қаласы бойынша ата-аналардың алимент төлемі бойынша борышы аз емес, жалпы …

АЛИМЕНТІҢДІ ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙСЫҢ Облыста “Ашық шекара” акциясы басталды Read More »

АЙҒАНЫМ мен АЙНҰРДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ

Облыс орталығындағы Достық үйінде өнер колледжінің биылғы жылғы түлектері Айғаным Махамбетова мен Айнұр Астанаеваның жеке концерті болып өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Биыл дарынды қыздар Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияға оқуға түспекші. Олар өнер колледжінде алған білімдерін жиналған жұртшылыққа паш етіп, қошеметке бөленді. Айнұр Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде скрипкада ойнайды. Айғаным да осы …

АЙҒАНЫМ мен АЙНҰРДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ Read More »