«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН – БИЗНЕСКЕ ҚОЛАЙЛЫ 50 ЕЛДІҢ БІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шетелдік инвестиция Қазақстан үшін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржылай қамтамасыз етуде де, техникалық жаңғыртуда да маңызды қайнар көз болып табылады.

Еліміз инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қолдана білді: 20 басым инвестор ел, 136 басым технологиялық көшбасшы, Clobal – 2000 тізіміндегі шетелдік инвесторлар айқындалды. Мұның үстіне Сыртқы істер министрлігі барлық 20 елдің дипломатиялық өкілдіктерімен инвестиция тартуға қатысты “Жол картасына” қол қойылды, республика өңірлерінде он еркін экономикалық аймақ ашылды.

 

Нәтижесінде 2013 жылы Қазақстан бизнесті жүргізу анағұрлым қолайлы алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына қосылды. “Инвесторларды қорғау” халықаралық рейтингісі бойынша 10-шы орындамыз.

Ұлттық банктің деректері бойынша 1993 жылдан бастап 2012 жылдың 4 тоқсанына дейін Қазақстанның экономикасына 165,5 миллиард АҚШ доллары тартылды.

 

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp