Кеше, еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 488 оқушы білімдерін сарапқа салды. Бұл түлектердің 13-і – “Алтын белгіге” үміткер.
Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанның мек-теп түлектері үшін сынақтың бұл түрі енгізілгеніне – 10 жыл. Үстіміздегі жылы Қазақстан бойынша 100 мыңға тарта түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, соның 2560-ы – солтүстікқазақстандық мектеп бітірушілер.
– Сынақтың алғашқы күнінде облыс орталығына жақын жатқан: Қызылжар, Аққайың, Мамлют аудандары мен Петропавл қаласындағы бірқатар мектептердің түлектері бақ сынады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетін оқушылар бірнеше лекке бөлінгені, – дейді облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Күлпаш Қалғожина.
Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша 4405 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның 59%-ы, яғни 2560-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш түсірген. Түлектердің 113-і –“Алтын белгіден” үміткерлер.