«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 34-ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Швейцарияның халықаралық менеджмент институты мамандары (Institute of Mana-gement Development (IMD) жасаған бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 34-орын алды.
Tһe World Competiveness Scoreboard-2013 рейтингіне 60 ел қатысады. Онда бірінші орында АҚШ тұр (2012 жылы екінші), екінші позицияға Швейцария (2012 жылы үшінші) орналасқан. Өткен жылғы рейтингтің көшбасшысы Гонконг биыл үшінші орынға түсіп қалды. Төртінші орында – Швеция (2012 жылы бесінші), бесінші орында – Сингапур (2012 жылы төртінші). Алғашқы ондыққа Норвегия (2012 жылы сегізінші), Канада (2012 жылы алтыншы), БАӘ (2012 жылы он алтыншы), Германия мен Катар (2012 жылы екеуі де тоғызыншы) кірген.



Қазақстан былтыр 32-орын алып еді, биыл екі орын төмен түсті. Ресей алты орынға жоғарылап, 42-орын алды. Тоғыз орын көтерілген Украина 49-шы позицияға орналасты. БАӘ он алтыншы орыннан бірден сегізінші орынға көтерілді. Өз позициясын Грекия да жақсартып, 58-ден 54-ші орынға жоғарылады.
Естеріңізге сала кетейін, 2012 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum, ВЭФ) жыл сайынғы бәсекеге қабілетті әлем экономикасы рейтингінде Қазақстанға 51-ші орын берген болатын.

 

Ресми ақпарат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp