«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнәр ӘБДІРАХМАНОВА,

№1 қалалық емхананың учаскелік медбикесі.

Вирусты гепатит – қауіпті жұқпалы аурулар тобы. Халықаралық жіктеу бойынша оны 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – ішек жұқпасы. Оған “А” және “Е” вирусты гепатиті жатады. Екіншісі – ас қорыту жолынан тыс тобы, яғни инфекция қан және ағзаның сұйық ортасы (сілекей, емшек сүті) арқылы жұғады. Бұл топқа “В” және “С”, “Д” вирусты гепатиті жатады. Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы болып бөлінеді. Ал зақымдануына байланысты ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып жіктеледі. Бауыр қабынуының ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл түрі болады. Бүгінгі таңда гепатит вирустарының бірнеше түрі бар. Олар: “А” гепатиті, “В” гепатиті, “С” гепатиті, “D” гепатиті, “Е” гепатиті, “F” гепатиті және “G” гепатиті. Осылардың ішінде ең көп тарағаны – “А” гепатиті немесе Боткин ауруы.

 

Вирусты гепатиттердің алдын алу:

1. Балаларға екпе салу, яғни вакцинациялау. Отбасының барлық мүшелерін “А” гепатит антиденелеріне тексеруге кеңес беріледі. Антидене болмаған жағдайда вакцинация қажет.

2. “Тазалық – денсаулық кепілі” екенін есте сақтау. Қолды мұқият жуу. Мәселен, бала емізер алдында, ас ішер алдында, жұмыстан, базардан, т. б. келгеннен кейін, үй жұмысын атқарғаннан соң, дәретханадан кейін, қолды бірнеше қайталап сабындап жуу.

3. Мектеп асханаларын, қоғамдық тамақтану орындарын, үйді, сыныпты, бөлмені таза ұстау.

4. Ашық суқоймаларынан (өзен, бұлақ, құдық, т. б.) су ішпеу. Суды қайнатып ішкен дұрыс. Ел тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету.

5. Суға шомылған кезде суды жұтып қоймау.

6. Алкогольді ішімдіктерден аулақ болу.

7. Майлы және ащы тағамдарды көп тұтынбау. Ол бауыр қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

8. Тоңазытқышта азықтарды сақтағанда піскен тағамдар мен шикі тағамдарды қатар қоймау.

9. Азық-түліктерді арнайы дүкендерден алу, жабайы сауда көздерінен тағам алмау.

10. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеу, тіпті, қайнаған сумен жуу қажет.

11. Теңіз өнімдерін термикалық тазалаудан өткізген жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp