«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыс орталығында велоспорттан қалалық біріншілік өткізіліп, оған 80-ге жуық жасөспірім қатысты. 
Жас ерекшеліктеріне қарай төрт топта сынға түскен дода барысында 2001 жылы туған жасөспірімдер жарыс жолына шықты. Одан кейін кезегі тиген 16 жасқа дейінгі 20 велошабандоздар 15 шақырымды бағындырды. Бұл топта ҚР спорт шебері Олег Земляков 25 ұпай жинап, 1-орынға ие болды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 12 және одан кіші жастағылардың арасында бірінші орынға Никита Фрейберг ие болды. Ал 13-14 жас аралығындағы топта Сергей Мальцев озып шықты. 15-16 жастағы ересек топта Богдан Гопотченконың мерейі үстем болды.
Жүзден жүйрік шыққандар маусымның 8-12-сі күндері аралығында өтетін республикалық велокөпкүндікке жолдама алды. Олар Олимпиада жеңімпазы Александр Винокуровтың сыйлығын сарапқа салмақ.
 
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp