«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС ЖҰЛДЫЗ СӘУЛЕСІ” аталымының иесі – Александр Рекин

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында республикалық “Таңшолпан” мюзикл-конкурсы өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы және Петропавл қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысты. 

 

Ринат ИСМАИЛОВ,

жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың “Маска” театрының көркемдік жетекшісі.

 

Мамырдың 31-і мен маусымның 3-і аралығында еліміз бойынша ұйымдастырылған “Таңшолпан” мюзикл-конкурсы Халықаралық балаларды қорғау күніне орайлас өткізілді. Мюзикл-конкурсқа бұған дейін осы санаттағы балалар арасында өткізілген түрлі байқауларда өздерінің өнерлерімен, білімдерімен, шығармашылықтарымен көзге түскен оқушылар іріктелді. Петропавл қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың “Маска” театры түрлі сайыстарда өз өнерлерімен көзге түскен болатын. “Таңшолпан” конкурсында ұжым “Жил человек рассеянный” мюзиклін сахналады. “Маска” театрының жас сахнагері Александр Рекин өнерімен көрермендер көңілінен шыға білді. Оның сахнадағы шеберлігін қазылар алқасы жоғары бағалап, Александрды ең үздік ер адам рөлін сомдаған жас дарын ретінде танып, “Жас жұлдыз сәулесі” аталымы бойынша мақтау қағазымен марапаттады және планшеттік компьютер табыстады.

 

Шараға түрлі облыстардағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардан барлығы 17 топ қатысып, білікті қазылар алқасының талқысына 34 мюзикл ұсынды.

Айыртау ауданындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат ұжымы да балалар мюзиклдерінің облыстық конкурсында жеңіс тұғырынан көрініп, республикалық кезеңге жолдама алғандардың бірі. Айыртаулықтар қазылар таразысына “Ғашықтар жыры” деген өз жұмыстарын ұсынды.

Солтүстікқазақстандықтардың Қостанай жеріне сапары оқушылардың есінде ұзақ сақталатын болды. Олар облыстық өлкетану және белгілі ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің мұражайларына саяхат барысында көптеген деректерге қанықты. Оқушылар түрлі ойын-сауық, танымдық, спорттық бағдарламаларға қатысып, Қостанай қаласының көрікті жерлерін аралады, өзге облыстардан келген басқа балалармен танысты.

Тәрбиеленушілер елімізде балалардың дарындарын жетілдіру, олардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалып отырғанына тағы бір мәрте куә болды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp