Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғабит Мүсірепов атындағы (64052 теңге) және Қызылжар (63 022 теңге) аудандарында атап өтілді. Мағжан Жұмабаев (59223 теңге), Есіл (59102 теңге) аудандарында біршама төмен.
Өңірлік бөліністе ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы Мағжан Жұмабаев (55540 теңге), Қызылжар ауданының (54890 теңге) жұмыскерлерінде атап өтілді. Өнеркәсіпте барынша жоғары төлемақы Қызылжар (72848 теңге) және Есіл (83094 теңге) аудандарында.
Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы сәуір айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмола облысында – 73592 теңге, Қостанай – 78465, Павлодар облысында – 89059 теңге, қаңтар-сәуір айларында сәйкесінше 73689 теңге, 76001 және 87072 теңге.
Облыстық Статистика департаменті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp