«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ шаралары күшейтілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында жыл басынан бері балалардың қатысуымен 7 жол-көлік апаты тіркелген, солардың 5-еуі Петропавл қаласында орын алған.

Мамырдың 28-і күні Кошуков көшесімен жүріп келе жатқан “Хеньшань” автобусының 33 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпекші болған 9 жастағы баланы қағып кетті. Көліктің алдынан шыға келген 2-сынып оқушысы дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

 



Тағы бір жол апаты Ярослав Гашек көшесі бойында орын алды. “Draymler” автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі бақыланбайтын жаяу жүргіншілер жолы арқылы келе жатқан 34 жастағы әйел мен оның 9 жастағы баласын қағып кеткен. Апат салдарынан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, анасы медициналық көмектен бас тартты. Көлік жүргізушісі аман. Жол апаты фактілері бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Әбілсейіт Жолаушиннің айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында жедел-алдын алу іс-шаралары күшейтілді. Жол полициясының инспекторлары “Соңғы қоңырауларға” қатысып, балаларға жолда жүру тәртібін түсіндіріп берді. Осы мақсатта маусымның 6-8-і аралығында Мамлют ауданындағы “Искра” сауықтыру орталығында жас жол қозғалысы инспекторларының “Қауіпсіз дөңгелек” атты облыстық сайысы өтеді. Жарыс барысында жол полициясының қызметкерлері балаларға кезекті рет жолда жүру ережесін қатаң сақтау керектігін еске салмақ.

 

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp