«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТЕМНІҢ СОҢЫНДА – 15 ӨРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 303 өрт болып, одан 124 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 30 адам қайғылы қазаға ұшыраса, оның бесеуі – бала. Жиырма адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.
Көктемнің соңғы аптасында облыс көлемінде 15 өрт оқиғасы тіркелді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Жамбыл, Тайынша және М.Жұмабаев аудандары тұрғындарының 27 “темір тұлпарын” жалын шарпыды. Ал мамырдың 27-сі мен маусымның 1-і күндері аралығында екі “Фольксваген” мен “Нива-Шевроле” автокөліктері отқа оранды. Құтқарушылардың пайымдауынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.



Сондай-ақ тілсіз жаудың кесірінен Тайынша, Қызылжар, М.Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мен Петропавл қаласында тұрғын үйлер мен қора-қопсы зақымданды. Орын алған төтенше жағдайлардың басым бөлігі жеке тұрғын үй секторындағы жазғы асүйлер мен жеке тұрғын үйдің қоймаларында тіркелді. Сүт пісірім уақытта тұрғындардың жылдар бойы жиған мүлкін күлге айналдырған өртке қараусыз қалған газ плитасы мен дұрыс орнатылмаған газ құралдары себепкер болған.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде де өрт оқиғасы орын алды. Есіл ауданының орталығындағы моншада өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен жергілікті өрт жасағының арқасында тілсіз жау лезде ауыздықталды. Дегенмен, от моншаның шатырын зақымдап үлгерді. Бүгінде мерекелік көңіл күйге қылаң түсірген өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

 

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp