Тоқсан сайын тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылатын жиын облыс орталығындағы ДСР шағынауданында орналасқан №4 аумақтық полиция пунктінде де болып өтті.
Тәртіп сақшылары ықшамаудандағы криминогенді жағдай туралы баяндап, тұрғындарды қылмыстың алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыспен таныстырды. Жаз мезгілінде пәтер ұрлығы мен зейнеткерлерге қатысты жасалатын алаяқтық фактілері көбейе түседі. Осыған орай алдын алу мақсатында ақыл-кеңес берілді. Сондай-ақ көршілерге тыныштық бермей жүргендердің ісі қаралды. Тұрғындар жұрттың тыныштығын бұзатын тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалардың үстінен бақылау күшейтілсе деген ұсыныс жасады.
“Бүгінгі кездесу нәтижесі бойынша ішімдікті шамадан тыс тұтынатын азаматты емдеу мекемесіне жіберетін болып шештік. Сондай-ақ аталмыш мекенжай бойынша түнгі уақытта рейдтер жүргізуді жиілетеміз”, – деді учаскелік полиция инспекторы Дулат Жаныбеков.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.