«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙ ҰРЛАП, КӘУАП ЖАСАМАҚШЫ ЕКЕН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын АІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Куприяновка ауылында жасалған ұрлықтың ізін суытпай ашты. 

Ұрылар түн ортасында қорада қамауда тұрған көп қойдың бірін жымқырған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел тергеу тобы іздестіру жұмыстары кезінде ауылдағы қоралардың ішінен жоғалған малдың басы мен терісін тауып алған. Тергеу амалдары барысында аталмыш ауылдың 17 жастағы кәмелетке толмаған тұрғынына күдік түскен. Кейін белгілі болғанындай, күдікті осыған дейін автокөліктердің саймандарын ұрлағаны үшін істі болған.
Ол қойды мектеп бітіру кешіне орай ұрлап, кәуап жасамақ болған. Алайда, арам ойы іске аспады. Полиция қызметкерлері ұрлыққа жәбірленушінің 13 жастағы ұлының да қатысы болуы мүмкін деген болжам жасауда.
Қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp