«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

48-інші КОНЦЕРТТІК МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық филармонияның 48-інші концерттік маусымының жабылуына орай Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында салтанатты кеш болып өтті. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінде облыстық филармония жанында тоғыз өнер ұжымы жұмыс істейді. Жуырда олардың құрамын қазақ этнофольклорлық бағытындағы “Шабыт” тобы толықтырды. Кеш барысында көбімізге танымал эстрадалық-симфониялық және джаз оркестрлері, камералық хор, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, “Әдемі-ау” қазақ билері ансамблі және тағы басқа ұжымдар өнер көрсетті. Мәдениет қайраткері Николай Колокольчиков пен Жанат Алпысбаеваның, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Жанат Айтбаевтың орындауындағы “Скрипка Паганини”, “Бақыт вальсі”, “Дай-дидау” әндері ерекше шырқалды. Жергілікті тыңдармандар Ресейдің Екатеринбург қаласынан келген әнші Игорь Гумбатовтың өнеріне тәнті болып, зор қошемет көрсетті.

 

Кеш соңында облысымыздың мәдени саласына елеулі үлес қосқан өнерпаздар, сахна майталмандары Николай Колокольчиков, Михаил Лахтин, Сайран Сәбитов, Виталий Смотров, Шайтас Айтбаева, Рашид Сұлтанов пен Александр Рашевский облыстық филармонияның арнайы марапатына ие болды.

Суретті түсірген  

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp