«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМДЕР ЖАУТАҢДАМАСЫН ДЕП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі күнде ата-ана қамқорлығынан тыс қалған жас ұрпақтың өмір жолын дұрыс таңдауына, бағыт беру – ел азаматтарының ортақ міндеті. Өйткені, бұғанасы қатпай жатып, жетімдіктің кермек дәмін татқандар айналасынан жылу іздейді, төрт құбыласы түгел өзге де өзінің замандастары секілді білім алып, өмірде өз орын табуды қалайды. Осы орайда адамгершілік ұғымның аясында жеткіншектерге көмек қолын созып жүрген абзал жандар аз емес. 

 

Анна КУЧЕРЕНКО,

еңбек ардагері.

Петропавл қаласындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жерлес демеушілердің жақсылығын айтпауға болмайды. Соңғы жылдары балақайларға үзбей қамқоршы болған қолы ашық демеушілердің бірі – “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің басшысы Геннадий Зенченко интернат оқушыларына Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында орын тепкен шаруашылығына бірнеше мәрте саяхат ұйымдастырған. Өңіріміздің үздік серіктестігін аралап, жақын танысу балалардың болашақта мамандық таңдауларына септігін тигізбек.  

 

Сондай-ақ демеушілер мереке күндері балаларға сыйлық әкелуді игі дәстүрге айналдырған. Ал балалар болса қадірменді меймандарды жылы қарсы алып, өздері дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынады.

Астана қаласына саяхат жасау мүмкіндігін сыйға тартқан “Қызылжар су” ЖШС-нің директоры Аслан Сатинге төртінші отбасы балаларының алғыстары шексіз. Себебі, экскурсия барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайын, “Астана-Бәйтерек” кешенін, “Думан” ойын-сауық орталығын, “Хан Шатыр”, Тәуелсіздік сарайы және елорданың басқа да көрікті орындарын аралап, ұмытпастай әсер алған балалардың қуанышында шек жоқ.

“Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС-нің директоры Нұрлан Қасенов 9-шы отбасының үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пластикалық терезелер орнатып, ескі жиһаздарды жаңартқан. Сондай-ақ отбасының тәрбиеленушілерін “Қазақстан” кинотеатрына, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрына және таяуда облыс орталығында ашылған “Нептун” аквапаркіне қыдыртып апарған демеуші Балалар күнін жеткіншектермен бірге өткізуді әдетке айналдырып келеді.

Сондай-ақ жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа 20 жылдан бері көмек қолын созып келе жатқан “Дария” ЖШС-нің басшысы Роза Шәкірова балаларға әр уақытта қуаныш сыйлап, көңілдерін бір серпілтіп жүрген абзал жан. Демеушілер балаларды осы күнге дейін киім-кешекпен, кітаптармен, жабдықтармен қамтамасыз етсе, мекеме тәрбиеленушілері өз кезегінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырушыларға кең дастарқан жайып, оған өз қолдарымен пісірген астарын, бақтан терген жемістерін қойып, қолдау көрсеткен өкілдерге дәм ауыз тигізіп, игі тілектері мен шексіз алғыстарын білдіреді.

Мұқтаж жандарға жәрдемдесумен айналысуды парыз санаған жерлестердің игі істері өзге солтүстікқазақстандықтарға үлгі боларлықтай.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp