«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТАМИДЕГІ ТЕКЕТІРЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №2 орта мектебінде кекушинкай каратэ бойынша қорытынды біріншілік өтіп, сайысқа қатысқан Бірінші гимназия, қазақ мектеп-гимназиясы, №6, №7, №9, №42, №43 мектептер және “Тұлпар” балалар клубының спортшыларынан жасақталған құрамалар, жалпы 142 каратэші бақ пен баптарын сынады.

Аяқ пен қолдың үйлесімділігін шебер меңгергендіктерін таныту үшін белді бекем буып келген жарысқа қатысушылардың ең кішісі – 5 жаста, үлкені 24-те болды. Бұл спорт түріне арналған додада тартыс 15 салмақ дәрежесіне іріктелген файтерлер арасында өтті.



Сайыстың қорытындысы бойынша 5 жастағылар арасында – Артем Евдокимов, 6 жас аралығында – Мирас Бексұлтан, Нұрғали Салхаев, 7 жастағылар арасында – Дмитрий Плеханов, Максим Шабанов, қыздардан 7 жас аралығында – Сабина Найман, 8-9 жас аралығында ұлдардан – Александр Махначев, Алишер Нұрғалиев, Дмитрий Чубыкин, Илья Рубе, 8-9 жастағылардан – Анастасия Гамзина, Мария Симанова, 10-11 жастағы ұлдар арасында – Алишер Авдонин, Сұлтан Баймағамбетов, ал қыздар арасында Лада Потникова жарыстың жеңімпаздары атанды.

 

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp