«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕ мен БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИГІ БАСТАМАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алтын СЕЙІТОВА,

“Ақ бота” бөбекжай-бақшасы”

МКҚК директоры.

Баланы кез келген қоғамдық қызмет саласында табысқа жете білетін бастамашыл, әдепті, дербес, жан-жақты білімді жеке тұлға ретінде тәрбиелеу – “Ақ бота” бөбекжай-бақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны алдында тұрған негізгі міндет.

Бөбекжай-бақшада атқарылып жатқан істер педагогикалық үрдісті дәстүрлі және осызаманғы педагогикалық технология негізінде жеке тұлғаға бағытталған жобаны, баланың кеңістікте өзін лайықты көрсетуі мен табысты бейімделуіне мүмкіндік беретін ақпараттық коммуникациялық технологиямен қамтамасыз етуге, отбасы мен балабақшаның күш-жігерін біріктіруді дамытуға бағытталған. Балалар әрекеттің әр түріне, шығармашылық сабақтарға, спорттық шараларға тартылады. Нәтижесінде олар осы әрекеттер барысында эмоционалдық тәжірибе жинайды, ойлауға, қиялдауға, түсінуге, жаңалықты меңгеруге, бір-біріне көмектесуге үйренеді, өз ойларын білдіре алуға, шешім қабылдауға машықтанады.

 

Балабақшадағы нәтижелі істер қазақстандық білім беруді дамыту стратегиясындағы білім беру жүйесінің жаңа принциптері мен жаңа мазмұнына өтуінің инновациялық шешуші кезеңі ретінде қарастырылған. Балабақшадағы әртүрлі шаралар ата-аналар қоғамы ұсынатын әлеуметтік тапсырыс серпінін анықтайды және де балаларының даму деңгейін көтергісі келетін, олардың денсаулығын нығайтуға, қабілеттерін дамытуға, мектепке дайындауға тілек білдіретін ата-аналардың жеке талаптарын орындауға бағытталады.

Білім беру үрдісін баланың жеке сұранысы мен мүмкіндігіне сай құруға тырысу бір жағынан, баланың өзін сақтандыру (денсаулығын, қызығушылығын, мүмкіндігін), екінші жағынан, тәрбие, білім беру үрдісі мен қосымша білім беру жүйесінде оның дамуына оңтайлы жағдайды кәсіби тұрғыдан құру дегенді білдіреді.

Білім беру тұжырымдамасында, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында мектепке дейінгі балаларды оқытудың шынайы мақсаты балабақшадағы әр тәрбиеленушінің жеке қайталанбас тұлғасын дамыту болып табылатыны баса айтылған. Осыған орай ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналардың 96%-ы балаларының тәрбие мен білім алып жатқандығына қанағаттанады. Өткізілген мониторинг білім берудегі қазіргі үрдістер мен өзіндік әрекеттер, мектеп білімінің мазмұндылығына орай, ата-аналар балаларының дамуы үшін келесі аспектілерді нығайтқысы келетіндігін көрсетті: денсаулықты нығайту және дене шынықтыруды дамыту; екі немесе одан да көп тіл білетін полимәдени тұлғаны қалыптастыру; өнер негіздеріне баулу; дыбыстарды айтудағы кемшіліктерді жою және дұрыс сөйлеуге үйрету; балаларды кітап оқуға ерте үйрету. Бұл аспектілер балабақшамызда мықтап қолға алынған.

Балабақшаның әдістемелік жұмысында батыс ғалымдарының педагогикалық идеялары мен еңбектері, халық педагогикасы мен психологиясы, сонымен қатар, білім берудің мектепке дейінгі мекемелерінде ғылымның соңғы жетістіктері мен алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер басшылыққа алынады.

Балабақша мен ата-ананың негізгі бағыты – жеке қабілетінің тәрбиешісі, өмір бойы өзін-өзі дамыту керектігін түсіне білетін тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ету. Баланың тәрбие мен білімдегі табысы отбасы мен балабақшаға байланысты. Бұл қарым-қатынастар педагогикалық ынтымақтастық болмақ. Мектепке дейінгі баланың тәрбиесі мен білімі мәселесіне ата-аналар назарын аудару үшін оларға әсер етудің дәстүрлі түрлері өте аз (кеңес беру). Соңғы кезде ата-аналармен жұмыс істеу барысында өзгешелік қажет деген ойдамыз. Осы мәселеге байланысты атқарылар істер мыналар: мамандармен кездесу, бірлескен шаралар ұйымдастыру. Ата-аналар осы кездесулердің белсенді қатысушыларына айналуы үшін бар күшімізді саламыз. Балабақшада ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін ашуға, инновациялық әрекетті оңтайлы қолдануға мүмкіндік беріледі. Бұл мүмкіндіктер алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге даңғыл жол болатынына сеніміміз мол.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp