«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰШҚАРЫ ДІНИ ИДЕЯСЫМЕН уландыратын сайттар бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Руслан МӘМБЕТОВ,
облыстық прокуратураның діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы.

Ақпарат тасқыны ағындаған Интернет заманында қоғамымызды түрлі әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттар шырмап алды.
Интернеттің барынша ашықтығын пайдаланған жасөспірімдер осы әлеуметтік құбылыстың қақпанына тез түседі. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған оларды ұшқары діни идеялар оңай уландырады.


Бүгінгі таңда облыстық прокуратура дәстүрлі емес секталардың және күмәнді жалған діни ағымдардың қызметтеріне жол бермеу, қоғамда діни экстремизмнің алдын алуды күшейту жөнінде шаралар қолдануда. Бұл құбылыстың бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте тарауына жол бермеу жағы айрықша қарастырылады.
Әлеуметтік желілерге және өзге де Интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу кезінде ұшқары діни бағыттағы ақпараттық материалдары бар сайттар анықталады. Облыстық прокуратура осындай үш Интернет-ресурстың жұмысын сот тәртібімен тоқтатты.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес еліміздің әрбір азаматының парызы екендігін естен шығармауға тиістіміз. Осыған орай өңір тұрғындарынан балаларының, туған-туысқандарының қандай Интернет-ресурсты қарайтынын мұқият қадағалауды өтінеміз.
Бүлдіргіш ақпараттық сипатқа ие парақтар мен сайттар көздеріңізге түскен жағдайда облыстық прокуратураға мына телефон бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 46-13-64.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp