«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫ БАСЫНЫП, ұялы телефонын сіңіріп кетпекші болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне Мамлютка қаласының тұрғыны 15 жастағы баласының ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлағаны жөнінде арызданды. Шығыны – 27 мың теңге. Полицейлер баладан мән-жайды сұрағаннан кейін мектептен үйіне қайтар жолда оған бұрыннан таныс жасы үлкен жігіттің жолыққандығын анықтады.  

Ол алдымен баладан телефонды қоңырау шалу үшін сұрап алса, артынан әуен тыңдаймын деп сылтауратқан. Нәтижесінде телефон иесінің қасында келе жатқан қатарластарымен әңгімесі қызған кезде жігіт өз жөніне кетіп отырған.



Жігіт өз үйінде ұсталды. Бұрын да әкімшілік құқық бұзушылық және ұрлық үшін жауапкершілікке тартылған Мамлютка қаласының 24 жастағы тұрғыны полицейлерді көрген кезде өзінің телефонды алып кеткенін теріске шығармады. Нәтижесінде оның үйінен ұрланған “Nokia” телефоны тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабы “Тонау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс жеңілдетілген тәртіпте сотқа дейін аяқталатын болады.

 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp