«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМЫРДА 5 АДАМ СУҒА КЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамыр айының соңғы күндері Петропавл қаласының және Тайынша ауданының 2 азаматы суға кетті.

Төтенше жағдайдың алғашқысы мамырдың 29-ы күні тіркелді. Облыс орталығының “Каскад” саяжайы тұсындағы Есіл өзенінің бойынан 1968 жылы туған балықшының мүрдесі табылды. 
Ал екі күннен соң Тайынша ауданының Любимовка елді мекенінен 1 км. қашықтықта орналасқан қазаншұңқырда мамырдың 30-ы күні су түбіне кеткен 16 жастағы бозбаланың мүрдесі табылды.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында 5 ер адам суға кетсе, оның төртеуі – балықшы. Алкогольдік ішімдікке тойып алған ер адамдар түрлі себептермен қайықтан құлап, тұңғиыққа батқан. Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін түнгі уақытта, жөнделмеген қайықпен, қатты жел тұрғанда және құтқару жейде сіз балық аулауға тыйым салынады.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp