2012 жылғы деректер бойынша облыс кәсіпорындарының тұрақты көздері ауа бассейніне 75,7 мың тонна зиянды заттар шығарған, ол 2011 жылғы деңгейден 1,6%-ға төмен.
2012 жылғы деректер бойынша облыста өз қызметі барысында атмосфераға ластаушы заттар шығаратын 1473 кәсіпорын орналасқан. Бұл кәсіпорындарда 7161 тұрақты ластау көзі шоғырланған.
Барлық тұрақты ластау көздерінен шыққан ластау заттарының көлемі 2012 жылы 1037 мың тоннаны құрады, ол 2011 жылға қарағанда 0,7%-ға төмен. Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемінен 32,5 мың тоннаны (43%) қатты заттар және 43,2 мың тоннаны (57%) газ тәріздес және сұйық заттар құрайды. Газ тәріздес және сұйық заттар құрылымының 48,3%-ы күкіртті ангид-рид, 27,7 – көміртек тотығы және 13,6%-ы азот тотығына жатады, олар ерекше зиянды заттар болып табылады.
Өңірлік бөліністе шығарылымдардың 50,4%-ы – Петропавл қаласының, 8,1%-ы – Аққайың ауданының және 5,7%-ы – Айыртау ауданының кәсіпорындарына тиесілі.
Облыстық Статистика департаменті.