«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАССЫН ДЕП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ-ы Қазақстан бойынша облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан фирмалары мен өкілдіктері арқылы шағын кредит бере отырып, ауыл тұрғындарына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақтылы қолдау жасайды. “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ-ы 2007 жылдан бастап “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдинг” АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
Үстіміздегі жылы облыстық әкімдіктің жанындағы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі комиссия қор филиалын бағдарламаның облыстағы екінші бағытын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік өкілетті ұйымы деп айқындады. Бағдарлама Елбасының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда, оның төрт бағыты бар, соның бірі – екінші бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуді және ауыл тұрғындарына шағын кредиттер беруді көздейді. Осы бағыттағы және қордың жалпы атқарып отырған қызметтері жайлы кеңірек білу үшін қордың облыстық филиалының директоры Зейнеп Рақымбекованы сөзге тарттық.

 

 

– Зейнеп Төлегенқызы, қор қашаннан бері кредит берумен айналысады?

– Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры 2005 жылдан бастап мемлекеттік шағын кредит бағдарламаларын жүзеге асырып келеді, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит береді, бұл салада 8 жылдық іс-тәжірибесі бар. Осы кезеңде біздің филиал облыс бойынша жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгенің үстінде 4400-ден астам шағын кредит берді. Филиал орта есеппен жыл сайын 550-ден астам қарыз алушыларды кредиттейді.

– Жоғарыда аталған бағдарламаның мақсаты қандай және оған кімдер қатысушы бола алады?

– Бағдарламаның мақсаты – ұйымдасқан түрде немесе жеке өз ісін кеңейту арқылы еңбекпен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысушы тұлғаларды қаржыландыру. Ауылда бизнес ашу, әсіресе, жұмыс іздеп жүргендер мен өздерінің жеке істерімен айналысқысы келетіндер үшін әбден мүмкін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын бекіту туралы” қаулысымен айқындалған Қазақстан Республикасының тұрақты кіріс көзін қамтамасыз ету үшін өнімді еңбекпен айналысқысы келетін ішінара және өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және басқа азаматтар бағдарламаның қатысушысы бола алады.

Жұмыспен қамту бағдарламасының екінші бағытының арқасында өз істерін ұйымдастыратын бағдарлама қатысушылары кәсіпкерліктің негізі – бухгалтерлік салықтық есеп, декларация толтыру және бизнес-жоспар жасау туралы білім алуға тиіс екенін атап өткен жөн.

– “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша шағын кредит алу үшін тілек білдірушілер қайда баруы керек?

– Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға тілек білдіруші үміткер бизнес-жоспар жобасын жасайды, ауданның жұмыспен қамту орталығына өтініш береді, олар өз кезегінде құжаттарды қарап, үміткерлер тізімін жасайды және оны біздің облыстық қор бөлімшесіне жібереді. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша үміткер шағын кредит алуға жазған өтінішімен филиалға келеді. Филиалда жобаны бағалау жүргізеді және шағын кредиттеудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ол жайында жұмыспен қамту орталығына хабарлайды.

– Филиалда шағын кредиттің қанша сомасын алуға болады және кредиттеу шарттары қандай?

– Мынадай айқындалған кредиттеу шарттары бар: қарыз сомасы – 3,0 миллион теңгеге дейін, сыйақы ставкасы – жылдық 6 пайыз, кредиттеу мерзімі 54 айдан аспайды, негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік кезеңі – кредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бірінен көп емес, сыйақыны жабу жөніндегі жеңілдік кезеңі 6 айдан аспайды.

Бизнес түрлері ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі кәсіптегілердегі сияқты, ауыл шаруашылығына жатпайтын цехтар, наубайханалар, көлік тасымалын, қызмет саласы нысандарын және басқаларын ашу болуы мүмкін.

Алынған шағын кредитті тұтыну мақсатына, бұрынғы қарызды жабуға және тұрғын үй қозғалмайтын мүлкін сатып алуға, сол сияқты сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға пайдалануға жол берілмейді.

– Қарыз алу үшін оны қандай кепілмен қамтамасыз етуге болады?

– Ауыл тұрғындарының кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейту мақсатында қордың кепілдік талаптарынан ғимараттарды пайдалану мерзімі және қабырғалық материалдар бойынша шектеу алып тасталған. Енгізілген бұл жаңалық мемлекеттік кредитке қолжетімділікті жеңілдетеді.

Егер жұмыспен қамту орталығы үміткерлерді ықтимал қарызгерлер тізіміне енгізген болса, онда жұмсалатын шығындарын барынша азайту мақсатында оларға құжат жинауды филиал мамандарынан ақыл-кеңестер алған соң және кепілдік мүлік бағалымынсыз құжаты, сол сияқты ақшалай шығынды қажет ететін басқа да құжаттарды алдын ала оқып, зерттегеннен кейін ғана бастауға кеңес беретінімізді атап өткен жөн.

– Биыл тағы қандай бағдарламалар бойынша жұмыс істейсіздер?

– Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында етті тұқымды жас малды өз төлі есебінен өсіру үшін сауын сиыр және асылтұқымды бұқа сатып алуға “Сыбаға” бағдарламасы 7 жылға дейінгі мерзіммен, жылдық 6 пайыздық мөлшердегі сыйақы ставкасымен 1,0 миллионнан 18,0 миллион теңгеге дейін қарыз береді. Биылғы жылдан бастап осы мақсатқа Ислам даму банкінің “Сәтті” (“Мурабаха”) бағдарламасы да қаражат бөлуге кірісті.

– Олай болса осы “Мурабаха” бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттары туралы да айта кетсеңіз.

– Осы өзіміз “Сәтті” деп атайтын бағдарламаның бір қарыз алушыға берер сомасы 1,0 миллион теңгеден басталады, бірақ 25 000 АҚШ долларынан аспайды (қаржыландыру ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі), кірістілік ставкасы жылдық 9,5 пайыз, кредиттеу мерзімі 48 айдан ұзақ емес, кепілдік қамтамасыз етілуі қордың қаржы саясатына сәйкес жүргізіледі. Қарыздың мақсаты – қарыз алушы кейіннен есеп айырысу арқылы сатып алу үшін өтініші бойынша жаңа негізгі құрал-жабдықтар, биологиялық активтер алуға беріледі. Сол сияқты көктемгі – дала және орақ жұмыстарын жүргізуге берілетін “Егінжай” бағдарламасы да жұмыс істей бастады, биылғы жылы оған бөлінген қаржы толық игерілді.

Қор қызметкерлері қарыздың мақсатты пайдаланылуын көздеп бизнес орындарына өздері барып тексерістер, қаржылық жағдайына және кепілдік мүлік сақталуын қамтамасыз ету жағдайына мониторингтер өткізеді. Аталған бағдарламалардың кредиттеу шарттары бойынша неғұрлым жан-жақты ақыл-кеңесті “Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” АҚ-ның облыстық филиалы мамандарынан, сол сияқты www.fad.kz. сайтынан алуға болады. Сондай-ақ өз клиенттерімізге Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 41 “А” үй, 3-қабат мекенжайымызды және 8 (7152) 46-23-38, 46-58-32 байланыс телефондарымызды көрсеткенім де артық болмас деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp