«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың барлық аудандарының ауыл шаруашылығы құрылымдары өсімдік шаруашылығы өнімін пайдамен өткізді.

2012 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары өсімдік шаруашылығы өнімін өткізуден 32426,9 млн. теңге пайда алды, соның ішінде бидай өткізуден – 26184,8 млн. теңге, мал азықтық дақылдардан – 10,3 млн. теңге, картоптан – 410,7 млн. теңге, күнбағыс тұқымдарынан – 352,4 млн. теңге, арпадан – 1653,2 млн. теңге.



Өсімдік шаруашылығындағы пайдалылық деңгейі 41,5%-ды құрады, соның ішінде бидай өткізуден – 43,7%, мал азықтық дақылдардан – 3,2%, картоптан – 98,9%, күнбағыс тұқымдарынан – 42,9%, арпа өткізуден – 30,8%.
Ең көп пайданы Ғ.Мүсірепов атындағы (5598,9 млн. теңге), Қызылжар (3584,9 млн. теңге), Аққайың (3369,0 млн. теңге), Айыртау (2958,5 млн. теңге) аудандарының ауыл шаруашылығы құрылымдары алды.
2012 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары мал шаруашылығы өнімін өткізуден 1629,8 млн. теңге пайда алды, соның ішінде қой мен ешкі сатудан – 51,1 млн. теңге, жылқыдан – 485,5 млн. теңге, шошқаны өткізуден – 211,7 млн. теңге, сүттің барлық түрлерін өткізуден – 1029,5 млн. теңге, жұмыртқадан – 169,1 млн. теңге.
Мал шаруашылығындағы пайдалылық деңгейі 17,7%-ды құрады, соның ішінде қой мен ешкіден – 49,4%, жылқыдан – 95,7%, шошқадан – 50,6%, сүттің барлық түрлерін өткізуден – 36,0%, жұмыртқадан – 7,4%.
Ең қомақты пайданы Қызылжар (778,3 млн. теңге), Ақжар (330,4 млн. теңге), М. Жұмабаев (158,1 млн. теңге), Шал ақын (99,4 млн. теңге), Ғ.Мүсірепов атындағы (86,2 млн. теңге) аудандарының ауылшаруашылық құрылымдары алды.

 

Облыстық Статистика департаменті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp