«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШ ТҰР есімі өшіп қалған…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл суреттегі ескерткіш кімге арналған деп ойлайсыз? Қазақтың қай баласына мұндай құрмет көрсетілген? Осы ескерткіш тұрған саяжолдан әрлі-берлі өткендердің бәрінің болмаса, бірінің ойына келер сауал бұл.  

Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Өз басым бұл ескерткіштің кімге арналғандығын білгендіктен, мәрмәр тасқа аты-жөнінің жазылған-жазылмағанына мән бермеппін. Алайда: “Мен үлкен ғалым, академик, қоғам қайраткері, жерлесіміз Евней Букетов туралы айтқалы отырмын. Оның атында Қарағандыда мемлекеттік университет, біздің облыс орталығында көше, өзінің туып-өскен жері Шал ақын ауданында орта мектеп бар. Қазіргі таңда мені қатты қынжылтып отырған бір жай – осы кісінің атындағы көшенің бойындағы өзіне орнатылған ескерткіштің жай-күйі. Ескерткіштің айналасы адам отыратын жерден гөрі ішімдік ішетін, қаладағы ит, мысық қыдыратын орынға айналған сияқты. Мен өзім арнайы сол жерге екі рет барып, ескерткіш маңында серуендеп жүргендердің мәдениеттілігіне көңілім толмады. Екі адамға ескерту жасап едім: “Бұл кімге орнатылған ескерткіш? Қазір кімге ескерткіш қойғысы келсе, соған қояды. Мына ескерткіш кімдікі екенін білмейміз”, – деп бірақ қақты. Аға буын білмесе, білмейтін де шығар деген оймен аталмыш ескерткіштің жанында орналасқан М. Айтқожин атындағы №1 мектептің екі-үш оқушысынан сұрадым. Олар да бұл кісі туралы ештеңе білмейді екен. Бұл нені көрсетеді? Қазіргі жастардың сауатсыздығын ба, әлде атақты жерлесімізге арналған ескерткіштің қараусыз қалғандығын ба?” деген мазмұнда Таласбай Мұсабаев деген оқырманымыздың газетімізге жолдаған хатын оқығаннан кейін өз көзімізбен көруді жөн санадық.

 

Саяжолдың ортасында тұрған тас мүсінге жақындаған сайын көзбен аты-жөнін іздей бастадық. Мүсін қойылған тас тұғырға мұрнымыз тірелгенде ғана “Евней Букетов” деген сөзді көзіміз шалды-ау, әйтеуір! Бірақ, жұрттың бәрі мүсіннің астындағы сөзді оқу үшін тасқа маңдайы тигенше үңілмесі анық. Мүсіннің композициясы осындай ма, алде жазуы өшкен бе деген сауалмен қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан едік, бөлім басшысы Ольга Тажетдинова бұдан хабарсыз екендігін айтып, мән-жайды анықтайтындығын жеткізді.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp