2012 жылы жолаушы тасымалдау 178 автобус бағыты бойынша жүзеге асырылды, оның ішінде 44-і – қалаішілік, 22-сі – қала маңындағы, 105-і – қалааралық (республика ішінде) және 7-еуі – халықаралық бағыттар.
Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету құқығына ие болған заңды тұлғалар 98 автобус маршрутына (қызмет жасайтындардың 55,1%), жеке тұлғалар 80 маршрутқа (44,9%) қызмет көрсетеді. Автобустық маршруттардың тұтастай ұзындығы 28,3 мың км. құрады, оларға 198 шағын автобусты қосқанда барлығы 519 автобус бекітілген. Бағыттың орташа ұзындығы қалалық қатынаста – 22 км., қалааралық қатынаста – 223 км., халықаралық қатынаста – 477 км. Осы бағыттарда жұмыс істейтін автобустардың жалпы жолаушылар сыйымдылығы, жинақтау алаңдарын қоса алғанда, 17,2 мың орынды құраса, олардың ішінде шағын автобустарда 3,1 мың орын. Жолаушы тасымалдау паркі “Shaolin”, “ПАЗ”, “Mercedes-Bens”, “ГАЗ”, “Man” сияқты 20-дан астам автобус маркасын ұсынады.
Автобустық бағыттардың 80-нен астамы ауылдық елді мекендерді облыс орталығымен байланыстырады. Одан басқа, автобустық қатынас (25 бағыт) облыс орталығын республиканың басқа облыс орталықтары және қалаларымен (Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Рудный, Павлодар және т.б.), сондай-ақ Бурабай және Щучье демалыс орындарымен байланыстырады.
Облыста Ресей Федерациясының қалаларымен халықаралық қатынаста жолға қойылған.
Облыстық Статистика департаменті.