«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 2012 ЖЫЛЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУЫ ЖӘНЕ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылына орташа жан басына шаққанда 263,6 кг. сүт және сүт өнімдері, 113,2 кг. – нан өнімдері және жарма өнімдері, 63,2 кг. – ет және ет өнімдері, 207,8 дана жұмыртқа тұтынылды.

2012 жылы облыстағы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша нан өнімдері және жарма өнімдерінің тобынан орташа жан басына шаққанда 58,8 кг. бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан, 20,3 кг. – ұннан кондитерлік бұйымдар, 16,5 кг. – макарон бұйымдары, 11,9 кг. – күріш, 11 кг. – жоғары сортты ұн, 6 кг. қарақұмық пайдаланылды.

 

Ет және ет өнімдерінің тобынан орташа жан басына шаққанда негізінен 16,8 кг. құс еті, 8,8 кг. – шошқа еті, 7,4 кг. – сиыр еті, 6,3 кг. – қой еті, 4,7 кг. – жылқы еті, 4,4 кг. – пісірілген шұжық, 2,7 кг. – тұшпара және 3,3 кг. еттен жартылай дайын өнімдер мен тартылған ет пайдаланылды.

Тұрғындар орташа жан басына шаққанда сүт тағамдарының түрлерінен 47,9 кг. – шикі сүт, 22,6 кг. – пастерленген сүт, 6,9 кг. – айран, 6,2 кг. – қаймақ, 3,6 кг. ірімшік тұтынған.

Орташа жан басына шаққанда 51,1 кг. картоп, 69,8 кг. көкөніс тұтынылып, соның ішінде пияз – 12,7 кг., қырыққабат – 10,4 кг., сәбіз – 6,5 кг., жаңа піскен қызанақ – 6,4 кг., қияр – 5,6 кг. және тұздалған қияр – 5,7 кг., 52,8 кг. жеміс тұтынылған, соның ішінде алма – 11,6 кг., қарбыз – 11,1 кг., мандарин – 3,2 кг.

Қант, тосап және кондитерлік бұйымдарды тұтыну 37,4 кг. құрады, соның ішінде қант – 17,3 кг., шоколадты кәмпиттер – 5,8 кг., тосап – 3,4 кг.

Өсімдік майы орташа жан басына шаққанда 14,7 кг., мал майы – 4,5 кг., балық және теңіз өнімдері – 14,3 кг. тұтынылып, оның ішінде жаңа ауланған балық – 6,2 кг., тоңазытылған балық – 3,6 кг.

Нан өнімдері және жарма өнімдері, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, балық және теңіз өнімдері, жемістер және көкөністер, картоп 2011 жылғыдан артығырақ тұтынылды.

…2012 ЖЫЛҒЫ

ТҰТЫНУ

ШЫҒЫНДАРЫ

2012 жылы тұтыну бюджетіндегі азық-түлік тауарларының шығыны – 41,3%, азық-түлік емес тауарлар – 37,3, ақылы қызметтер 21,4%-ды құрады.

2012 жылы орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығындар 358 528 теңгені құрап, 2011 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17,5%-ға өсті.

Шығындар құрамы айтарлықтай өзгермейді. Тауарлар және қызметтер сатып алудың үлес салмағы барлық шығындардың 88,7%-ын, туыстары мен таныстарына материалдық көмек және алименттер – 5,8, салықтар, төлемдер және басқа өтемдер – 0,3, кредиттер мен борыштарды өтеу 5,2%-ды құрады.

2012 жылы жан басына шаққанда азық-түлік тауарларына шығындар сомасы 131 284 теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,3%-ға өсті. Азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындардан 87,2%-ы – тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға, 5,8 – үйден тыс тамақтануға, 3,3 – алкогольді ішімдіктерге, 3,2%-ы темекі бұйымдарына жұмсалған. Тамақтану шығындарында 28%-ды ет және ет өнімдері, 18,4 – нан өнімдері мен жарма өнімдері, 9,3 – сүт өнімдері, 9,9%-ды қант, кондитерлік өнімдер және тәттілер алады.

Жан басына шаққанда азық-түлік емес тауарларға шығындар 118 776 теңгені құрады. Азық-түлік емес тауарлар сатып алу шығындарында 29,1%-ды киім-кешек, мата және аяқ- киім сатып алу алса, 18,3 – жиһаз, үйге қажетті заттар және тұрмыстық техникаға, 15,0 – автокөлік құралдары және жеке көлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарына, 13,7 – сұйы-тылған газ және отынның өзге де түрлеріне, 10,3 – жеке бас тазалығына арналған тауарларға, 5,9%-ы медикаменттер және сауықтыру жабдықтары мен аппаратуралар сатып алуға жұмсалды. Ауылдық елді мекендерде азық-түлік емес тауарларға шығындар қаладағыдан 4,2%-ға артық. Ауылдық елді мекендегі шығындардың 26,9%-ын киім-кешек, мата, аяқкиім сатып алуға, 18,3 – сұйытылған газ және отынның өзге де түрлерін, 17,0 – автокөлік құралдары және жеке көлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарын, 16,9 – жиһаз, үйге қажетті заттар және тұрмыстық техниканы, 8,8 – жеке гигиена тауарларын сатып алуға жұмсалған.

2012 жылы қызметтерге төлеу шығындары 2,9%-ға өсіп, орташа бір адамға 67 958 теңгені құрады. Ақылы қызметтерден үй шаруашылығы шығындарының айтарлықтай бөлігі 37,2%-ы – коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу төлемдерінен құралса, 18,6 – байланыс қызметтеріне, 15,3 – көлік қызметтеріне, 10,2%-ы білім беру қызметтеріне келеді.

Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp