2013 жылғы қаңтар-наурызда біздің облыстағы тұрғындар саны көші-қон есебінен 682 адамға азайды.
Облысішілік көші-қонды қоса алғанда жалпы көшіп келгендер саны 2094 адамды (2012 жылғы сәйкес кезеңде – 2725 адам), жалпы көшкендер саны 2776 (3761) адамды құрады.
Облысқа республикадан тыс жерлерден 189 (293) адам көшіп келсе, 430 (630) адам көшіп кеткен.
Сыртқы көші-қонда негізгі миграциялық ағым ТМД елдеріне келеді. Барлық ТМД елдеріне көшкендердің 97,8%-ы тұрақты өмір сүру үшін Ресейге көшкен, ал ТМД-ның қалған елдеріне небәрі 2,2%-ы көшкен. СҚО-ына барлық ТМД елдерінен көшіп келгендердің 72,5%-ы (71,2%) – Ресейден, 16,3%-ы – (10,2) Өзбекстаннан, 6,9%-ы (4,4) – Қырғызстаннан келгендер.
Әлемнің басқа елдерімен көші-қон үдерісінде жағымды сальдо қалыптасты, яғни әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендер көшіп кеткендерден артық. Көшіп келгендердің ішінде 56,8%-ды Моңғолиядан келген иммигранттар құрайды, Германиядан – 13,8% (42,1), Грузия мен Түркияның әрқайсысынан – 6,9% (15,8), басқа елдерден – 10,3% (15,8). Әлемдегі басқа елдерге көшкендердің барлығының 46,1%-ы (87,9) Германияға қоныс аударған.
2013 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның өзге облыстарынан біздің облысқа 501 (594) адам келді. 942 (1290) адам көшіп кеткен. Облысаралық көші-қон сальдосы 441 (-699) адамды құрады.
Қазақстан ішінде барынша қарқынды көші-қон алмасуы Ақмола, Қарағанды облыстарымен және Астана қаласымен жүзеге асырылады.
Облыстан тыс жерлерге көшетін тұлғалар көбінесе Ақмола облысы (418 адам) мен Астана (229 адам) қаласына басымдық танытады. Біздің облысқа көшіп келетіндердің ішінде Ақмола облысы (171 адам) мен Астана қаласының (95) тұрғындары басым.
Көші-қон үдерісіне еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар барынша белсенді қатысады. Осы жастағы көшіп келген және көшіп кеткен тұлғалардың үлесі сәйкесінше 79,3%-ды (81,9) және 81,1%-ды (81,2) құрайды.
Көшіп келгендердің, сондай-ақ көшіп кеткендердің этникалық құрамында барынша жоғары үлес салмақты орыстар құрайды, сәйкесінше 40,7% (26,6) және 64% (31,1). Қазақтардың үлес салмағы – 33,3% (59,5) және 4,7% (56). Қазақтар тұратын жерлерін негізінен Қазақстан Республикасының аумағында ауыстырады, ал орыстар ТМД елдеріне көшеді.
2013 жылғы қаңтар-наурызда облысқа 1126 (1453) әйел және 968 (1272) ер адам көшіп келсе, 1505 (2030) әйел және 1271 (1731) ер адам көшіп кеткен.
Облыстық Статистика департаменті.