«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨСІМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ағымдағы деректер бойынша үстіміздегі жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 578,9 мың адамды құрап, жыл басынан 0,6 мың адамға немесе 0,1%-ға кеміді. Халық санының кемуі жұртшылықтың көші-қон есебінен орын алды.

Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда 1000 адамға шаққанда тұтастай облыс бойынша халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 0,35 адамды құрады (2012 жылғы қаңтар-наурызда минус 0,02).

 

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда АХАТ органдары 1983 сәби тууын тіркеген, ал 2012 жылғы қаңтар-наурызда – 2029. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қалалық және ауылдық елді мекендердегі жаңа туғандардың саны сәйкесінше 0,5%-ға және 3,7%-ға кеміп, 907 және 1076 сәбиді құрады. Осы кезеңде 1015 ер бала және 968 қыз бала туған немесе 100 қызға 105 ұлдан келеді.

Осы кезеңде 1000 тұрғынға шаққанда жалпы туу коэффициенті 13,9 құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде – 14).

Осы жылғы 3 айда АХАТ органдары 1933 адамның өлгенін тіркесе, өткен жылғы сәйкес кезеңде – 2031. Қалалық және ауылдық елді мекендердегі өлгендердің саны сәйкесінше 840 және 1093 адамды құраса, 2012 жылғы қаңтар-наурызда 873 және 1158 адам болды. Осы кезеңде 1027 ер адам және 906 әйел немесе 100 әйелге шаққанда 113 ер адам қайтыс болды (2012 жылғы қаңтар-наурызда – 1071 ер адам және 960 әйел немесе 100 әйелге 112 ер адам).

1000 адамға шаққанда жалпы өлім коэффициенті 13,6 (14,1) өлгенді құрады.

Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда адам өлімінің себептері құрылымында барынша жоғары үлес салмақты қан айналу жүйесінің аурулары алады, жалпы өлгендер санының 37,8%-ын (22,7%).

Қайғылы оқиғалардан, улану мен жарақаттанулардан өлгендердің ішінде өлтірілгендер мен өзін-өзі өлтіргендер үлесі 4,8%-ды және 7%-ды (5,6% және 5,7%) құрайды, жол-көлік апаттарынан – 7,5% (1,4%).

Үстіміздегі жылғы 3 айда 1 жасқа дейінгі 21 сәбидің өлгені тіркелсе, олардан 9-ы ұл, 12-сі қыз бала (2012 жылғы 3 айда – 16, олардан 9 ұл, 7 қыз). Шарана кезіндегі өлім коэффициенті 1000 жаңа туған сәбиге 10,6 сәбиді құрады (2012 жылғы қаңтар-наурызда – 7,9).

Үстіміздегі жылы қаңтар-наурызда перинаталдық кезеңде шарана кезіндегі өлімнің негізгі себептерінен 21 (16) сәби шетінеген немесе барлық перинаталдық кезеңде туындаған жағдайдың 71,4%-ы (62,5%-ы).

Халықтың табиғи өсіміне жанама әсер ететін компоненттердің бірі некелер мен ажырасулар болып табылады. Осы жылғы қаңтар-наурызда облыста 887 некелесу және 453 ажырасу тіркелсе, ол 2012 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 5,2%-ға кем.

1000 адамға шаққанда некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті тұтастай облыс бойынша 6,2 (6,5) некені және 3,2 (3,3) ажырасуды құрады.

Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp