«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР АЯҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек, 7 маусым күні облыс аумағында көктемгі егіс жұмыстары өз межесіне жетті.  

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Биылғы жылы өңір егістіктерінің 3620 мың гектарына – дәнді дақылдар, 410 мың гектарға – майлы дақылдар, 27,5 мың гектарға – картоп, 5,1 мың гектарға көкөністің басқа түрлері себілді. Биыл агроқұрылымдар мал шаруашылығына қажетті шөп азығын дайындауға баса көңіл бөліп, оны былтырғыға қарағанда 70 мың тоннаға артық жинап алмақшы. Облыс аумағында біржылдық шөп егу науқаны 12-14 маусымға дейін жүргізілсе, көпжылдық шөпті 20 маусымға дейін отырғызуға ауа райы қолайлы деп күтілуде. Жалпы өңір алқаптарында біржылдық шөпке – 105,6 мың гектар, көпжылдық шөпке 7,3 мың гектар жер бөлінген.

 

Дәнді дақылдарды ауқымды алқапқа отырғызған – Ғабит Мүсірепов атындағы аудан 610 мың гектар. Одан кейін Тайынша (490 мың га.) мен Мағжан Жұмабаев (373 мың га.) аудандары. Жер аумағына қарай дәнді дақылдарға аз егістік бөлген Мамлют ауданы (136 мың га.), сондай-ақ Қызылжар (150 мың га.) мен Аққайың (181 мың га.) аудандарының агроқұрылымдары өздеріне тиесілі алқапты өңдеп, тұқымдарын сеуіп үлгерді. Ал қалған аудандардың дәнді дақылдарға бөлген егіс алқабы 200 мың гектардан жоғары.

Майлы дақылдарды өсіру үшін өңір агроқұрылымдары 410 мың гектар жерді бөліпті. Ауыл шаруашылығының бұл өнімінен пайда көруге бел буғандардың көшін тайыншалықтар бастайды. Олар егістік жерлерінің 90 мың гектарын майлы дақылдар өсіруге арнады. Оның көрсеткішінің жартысын қамтығандар: Жамбыл (48 мың га.), Айыртау (46 мың га.), Ғабит Мүсірепов атындағы аудан (39 мың га.) және Тимирязев аудандары (32 мың га.). Облыс бойынша майлы дақылдарды себу жұмыстары белгіленген жоспардан артығымен орындалып, 107,9 пайыз көрсеткішке ие болды. Ал картоп егуге ең көлемді, яғни 4,7 мың гектар егіс алқабын бөлген – Қызылжар ауданының агронысандары. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлері 4,0 мың гектарға картоп отырғызса, тайыншалықтар оған 3,2 мың гектар жер бөлген. Жалпы көкөністің картоптен басқа түрлерін егу шаралары 5,1 мың гектар жерде жүзеге асты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp