«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ– ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ Басқармасы отырысының хаттамасына сәйкес Алма Мырзалинова “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры болып тағайындалды. 

Алма Жәкімқызы 1960 жылы Петропавл қаласында туған. Еңбек жолын Ақмола облысының Көкшетау ауданындағы С.Сейфулин орта мектебінде бастаған. Кейін Петропавлдағы темір жол мектеп-интернатында, №1 лицейде, қазақ классикалық гимназиясында жұмыс істеген. Сондай-ақ облыстық Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің саз-педагогика факультетінің деканы, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің проректоры қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің кафедра меңгерушісі, сондай-ақ бес мектептің ғылыми кеңесшісі және Әскери институттың профессоры болып істеген.
Педагогика ғылымының докторы, профессор дәрежесі бар, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі.

(Өз тілшімізден).
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp