«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.06.2013

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ардақтауға әбден лайық

Кеше Петропавлда Медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Дәстүрлі шараға қатысқан өңір басшысы Самат Ескендіров ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше үлес қосқан медицина қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Өзінің құттықтау сөзінде Самат …

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ардақтауға әбден лайық Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ӨКІЛЕТТІГІН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктің қайталануын жоюға және жергілікті атқарушы органдар өкілеттігін кеңейтуге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарланды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстан Республикасына келді. “Ташкент-2” әуежайында Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Ислам Каримов және Өзбекстанның жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин қарсы алды. “Көксарай” резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтті. Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы …

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ Read More »

Мешіттің оқырмандарымен кездесу

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам Кенжетай Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен “Қызылжар” орталық мешітінің кітапханасында оқырмандар қауымымен “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды.    Роза ЫСҚАҚОВА, “Қызылжар” орталық мешітінің кітапхана меңгерушісі. Аталмыш отырыста ҚМДБ тарапынан жарық көрген діни әдеби кітаптар және газет-журналдар келген қауымға кеңінен насихатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында “Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана …

Мешіттің оқырмандарымен кездесу Read More »

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен “Астана медицина университеті” АҚ базасында “Үздік дәрігер” және “Үздік ауыл дәрігері” республикалық байқауының қорытынды кезеңі болып өтті. Конкурсқа тәжірибелік еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар дәрігерлер қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 24 үміткер бақ сынады: олардың 15-і – “Үздік …

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ҚОСТАНАЙЛЫҚ МАРГАРИТА БИСЕНОВА – ҮЗДІК САРАПШЫ

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Медицина қызметкері күніне орай “Кәсібіндегі үздік маман” байқауы шеңберінде “Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәуелсіз сарапшы” аталымының қорытындысы шығарылды.    Бұл байқау осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты – жоғары білікті, дарынды, тәуелсіз сарапшыларды анықтау, қолдау және ынталандыру, сондай-ақ олардың беделін арттыру.

ҚАН ТАПСЫРУ – адам жанына араша түсу

14 маусым – Бүкілдүниежүзілік донор күні. Осыған орай облыстық Қан орталығында өз еркімен қан тапсыру акциясы өткізілді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Таңғы сағат 8-ден түскі 3-ке дейін донорлар қан орталығына жиналды. Солардың бірі – Өрікбай Жұматаев (суретте). Гуманитарлық-техникалық колледжде ағаш шебері болып қызмет ететін ол жыл сайын қан тапсыруды әдетке айналдырған. “Бүкілдүниежүзілік донор күнінде …

ҚАН ТАПСЫРУ – адам жанына араша түсу Read More »

Виктория Переверзева – Азия чемпионатының жүлдегері

  Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Командалық көпсайыста Қазақстан құрамасының құрамында ел намысын қорғаған жерлес гимнасшы Виктория Переверзева үшінші орыннан көрінді. Бүгінде көркем гимнастика бойынша Қазақстанның спорт шебері Виктория 6 жасынан бастап спорттың бұл түрімен айналысып келеді. (Өз тілшімізден).

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫНА ӘЗІРЛІК БАСТАЛДЫ

Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлауына әзірлікке және оны өткізуге арналған оқыту семинары болып өтті. Семинар жұмысына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова, Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің меңгерушісі Әділхан Бижанов, облыс әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудов, аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары, әртүрлі деңгейдегі депутаттар, аудандық, қалалық сайлау комиссияларының …

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫНА ӘЗІРЛІК БАСТАЛДЫ Read More »

ХАЛЫҚ ҚАМЫН ОЙЛАУДАН туған парасатты шешім жұртшылықтың зор қолдауына ие

Қайрат ПІШЕНБАЕВ, “Нұр Отан” ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Елбасы, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Үндеуі солтүстікқазақстандықтар тарапынан да кең қолдау тапты. Мемлекет басшысы бұл жолы да Ата Заңымызда жазылғандай, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының …

ХАЛЫҚ ҚАМЫН ОЙЛАУДАН туған парасатты шешім жұртшылықтың зор қолдауына ие Read More »

ЗАҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛ ҚОЮЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы 11-бабы 1-тармағы бойынша қарсылығын қарап, Мемлекет басшысы ұсынған жаңа редакцияны қабылдады. Конституцияға сәйкес, енді Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Бұл туралы аталған заңға қатысты түсінік берген Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Жалпы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің айтарлықтай көлемін (95,1%-ын) мемлекеттік ұйымдар жасады.    2013 жылғы бірінші тоқсанда облыста тұрғындарға жалпы медициналық көмек көрсетумен 100 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. 16 ұйым әлеуметтік қызмет көрсетті. Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен негізгі қызмет көлемі 6860,8 млн. теңгені құрады.

БРОНХИТТЕН САҚТАНЫҢЫЗ

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ, дәрігер-терапевт. Бронхит – тыныс жолдарының қабынып ауруы. Ол негізінен жұқпалы сырқат. Оны пневмокохк, басқа да бактериялар ушықтырады. Бұл микробтар сау адамның да тыныс жолдарының сілекейлі қабықтарында болады. Жай уақытта олардың көбеюіне, сөйтіп бронхиттің пайда болуына адам организмінің сырқаттарға қарсыласу қабілеті жол бермейді. Бірақ адам суыққа ұрынса, қатты жаураса, арақты көп ішсе, темекіні жиі …

БРОНХИТТЕН САҚТАНЫҢЫЗ Read More »

АИТВ ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

XXI ғасырдың індеті – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы (ЖИТС). Дертпен күрес осы күнге дейін тоқтаған емес. Десе де, ЖИТС, АИТВ инфекцияларының бүгінгі таңға дейін емі табылмай отыр. Сондықтан да бұл жұқпалардан құрбан болғандардың саны күн санап артып келеді. Өңіріміздегі АИТВ, ЖИТС бойынша жағдайды білу үшін ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық …

АИТВ ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ Read More »

СУСЫНДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛЫ?

Маған газдалған сусындар ұнайды. Десе де, анам сусын орнына табиғи жеміс-жидектерден жасалған шырын ішуіме кеңес береді. Газдалған сусындардың адамның денсаулығына тигізер зияны қандай? Әйгүл Бекжанова, 15 жаста, Петропавл қаласы. Адам ағзасының үштен екі бөлігі судан тұрады. Әсіресе, жас адамның ағзасы суға бай. Кез келген адам күніне кемінде 2 литрдей сұйықтық қабылдауы керек. Алайда, қазіргі кезде …

СУСЫНДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛЫ? Read More »

ЖҮРЕК ТҮГІЛ, МИҒА ДА ЕМ ІЗДЕЙДІ

Мына суреттегі дәрігердің аты-жөні – Асхат Молжігітов. Ол науқасқа нақты диагноз қою үшін тамыры арқылы катетер өткізу үстінде. Мұндай іс-шараны медицина саласында коронография деп атайды. Науқас ауруханаға жүректің ишемиялық ауруымен түскен екен. Сырқатқа күрделі ота алдында нақты диагноз қойып, емдеу тәсілін анықтау үшін осындай іс-шара жасалатын көрінеді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Небәрі 28 жасында …

ЖҮРЕК ТҮГІЛ, МИҒА ДА ЕМ ІЗДЕЙДІ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮНГІ КЛУБТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Петропавл қалалық ІІБ-нің қызметкерлері облыс орталығының ойын-сауық орындарын тексерді.   Рейдке учаскелік полицейлер, кинологиялық қызмет мамандары мен иісшіл иттер, кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспекторлар, жедел әрекет ету тобының сарбаздары мен Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері қатысты. Жылжымалы полиция пункті әрбір ойын-сауық отауына тоқтап, тәртіп сақшылары мекемедегі әр адамның …

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮНГІ КЛУБТАРДЫ ТЕКСЕРДІ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАУШЫ ҰСТАЛДЫ

Петропавлдағы Жұмысшы кентінің 81 жастағы тұрғынын тонаған қарақшылар ұсталды. Олар зейнеткердің тұрмыстық заттарын ұрлап, бұзауын жетектеп кеткен. Қолды болған мал иесіне қайтарылды. Жұмысшы кентінің тұрғыны полицейлерге үйінің тоналғанын сенім телефоны арқылы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ұрлықтың таңғы сағат бес шамасында жасалғандығын анықтады. “Есіктерді ашып кетіпті. Құдықтан сорғыны, бұрыштағы кіржуғыш машинаны алып кетіпті. Қораға …

ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАУШЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

МҮЛІКТЕР ЖОЙЫЛДЫ

Жуырда облыстық Сот актілерін орындау департаментінде жеке негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті одан әрі пайдалану жөнінде комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша, 20 ойын автоматы, 9 қорап DVD-дискілер, 230 шөлмектен астам алкогольдік өнім және басқа мүліктерді жоюға шешім шығарылды.Бұл мүліктер прокуратура, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жойылды. …

МҮЛІКТЕР ЖОЙЫЛДЫ Read More »

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ “Ашық есік күнін” өткізді

Сот орындаушыларының кәсіби мерекесіне орай СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте “Ашық есік күні” өтті. 2007 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Сот орындаушыларының халықаралық кеңесінің құрамына енді. Бұл жөніндегі шешім Парижде өткен Сот орындаушыларының халықаралық кеңесінің отырысында қабылданған болатын. Кеңес бұрыннан бері Еуропа кеңесінің Гаага конвенциясының құрамына кіреді. Қазақстан бұл ұйымға ТМД елдерінің арасында бірінші болып …

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ “Ашық есік күнін” өткізді Read More »