«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен “Астана медицина университеті” АҚ базасында “Үздік дәрігер” және “Үздік ауыл дәрігері” республикалық байқауының қорытынды кезеңі болып өтті.

Конкурсқа тәжірибелік еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар дәрігерлер қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 24 үміткер бақ сынады: олардың 15-і – “Үздік дәрігер” атағынан, 8-і – “Үздік ауыл дәрігері” атағынан үміткерлер. Байқаудың 2-ші кезеңінде әрбір үміткер кәсіби қызметі туралы есептерін және өздерінің жұмыстары туралы бейнеролик ұсынды, сондай-ақ сұхбаттасудан өтті.

 

Конкурс туралы ережеге сәйкес өз қызметінде соңғы жылдары елеулі нәтижелерге жеткен денсаулық сақтау қызметкерлерін көтермелеу көзделген.

“Үздік ауыл дәрігері” аталымы бойынша байқауда Қызылорда облысы Қазалы аудандық орталық ауруханасының “Бозкөл” құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі Күншығар Әбілов жеңіске жетті. 2-орынды – Батыс Қазақстан облысы “Зеленов аудандық ауруханасы” КҚК жалпы тәжірибе дәрігері Жаннета Бисенбаева, 3-орынды Атырау облысы Жылыой орталық аудандық ауруханасының “Тұрғызба” дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Салтанат Ермұханова иеленді.

“Үздік дәрігер” аталымы бойынша жеңіс Астана қаласының “Туберкулезге қарсы диспансері” КҚК бөлім меңгерушісі Әділет Дүйсембаевқа бұйырса, 2-орынды – Алматы қалалық кардиологиялық орталығының рентгенхирургия бөлімінің меңгерушісі Оразбек Сахов, 3-орынды Ақмола облыстық перинаталдық орталығының жансақтау және интенсивтік терапия бөлімінің меңгерушісі Юлия Иващенко және Шығыс Қазақстан облысы “Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы” КҚК дәрігер-гематологы Асқар Уанов иеленді.

Барлық үміткерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары тапсырылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp