«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда дәрігерлердің төл мерекесіне орай өңірлік медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті. Бұл күні “Жастар” стадионында 300-ге жуық адамнан құрылған 32 команда жиналды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Спорттық іс-шараны салтанатты түрде ашқан саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталықтың директоры Лариса Беляева облыстық медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында бұқаралық спортты насихаттау, тұрғындардың басым бөлігін жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға, жұмыс қабілеттілігін арттырып, еңбеккерлер арасында ауруды төмендету бағытында өткізіліп отырғандығын тілге тиек етіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


 

 

Спорттық шара барысында ақ халатты абзал жандар спорттың үш түрі бойынша сайысқа түсті. Медицина қызметкерлері шағын футбол, “Көңілді мәре” және “Бес асық” ойыны бойынша өз күштерін сынады. Ал ереженің сақталуын қазылар алқасы қадағалап отырды. Алдымен жарыс алаңына шағын футболдан Есіл және Шал ақын аудандарынан келген командалар шықты. 10 минутқа жалғасқан жарыс нәтижесі бойынша шалақындықтар басым түсті. Ал қыздар командалары арасындағы “Көңілді мәре” ойынында сайысқан 2-ші қалалық аурухана мен облыстық медициналық “Жедел жәрдем” орталығы мейірбикелерінің арасындағы кездесу де өте тартысты басталды.

Спартакиада қорытындысы бойынша ерлер арасында өткен шағын футбол бойынша жүлделі бірінші орынды облыстық медициналық “Жедел жәрдем” орталығының құрамасы жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орындарда – Аққайың мен Шал ақын аудандарының орталық ауруханалары.

Қыздар арасында өткен “Көңілді мәре” ойынында ширақ қимылдап, үздік атануға тырысып баққан облыстық медициналық “Жедел жәрдем” орталығының мамандары – бірінші, облыстық туберкулезге қарсы диспансер – екінші, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасы үшінші орындарды иеленді. Ал “Бес асық” бойынша 1-ші қалалық аурухана үздік деп танылса, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталығы – екінші, облыстық аурухана үшінші орынға тұрақтады.

Өңірімізде осымен 5-ші рет ұйымдастырылған аталмыш сайысқа демеуші болған облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ұйымы барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау қағаздар табыстады.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp