«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАУШЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Жұмысшы кентінің 81 жастағы тұрғынын тонаған қарақшылар ұсталды. Олар зейнеткердің тұрмыстық заттарын ұрлап, бұзауын жетектеп кеткен. Қолды болған мал иесіне қайтарылды.

Жұмысшы кентінің тұрғыны полицейлерге үйінің тоналғанын сенім телефоны арқылы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ұрлықтың таңғы сағат бес шамасында жасалғандығын анықтады. “Есіктерді ашып кетіпті. Құдықтан сорғыны, бұрыштағы кіржуғыш машинаны алып кетіпті. Қораға кірсем, алюминий бөшке мен бұзау жоқ. Бірден тиісті жерге хабар бердім. Олар тез арада жетіп, төрт сағаттың ішінде ұрлықтың қалай жасалғандығын анықтады”, – деді жәбірленуші.

 

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жұмысшы кентінің 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да істі болған. Ұрлық жасаған қала тұрғыны 2-ші қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бұрын 81 жастағы зейнеткерге үй шаруашылығын жүргізуге көмектескен. Қай заттың қай жерде тұратынын білетін ер адам керегін еш қиындықсыз қолды еткен. Оған Жұмысшы кентінің отыз жастағы тұрғыны көмектесіпті. Ұрлаған заттарды сатып, ішімдік алмақшы болыпты. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден қолхат алынды, тергеу жүріп жатыр. “Барлық ұрланған дүние-мүлкім қайтарылды. Полицейлерге алғыс білдіремін”, – дейді Мария Васютина.

Жыл басынан бері сенім телефонына мыңға жуық хабарлама түскен. Соның 655-і қоғамдық тәртіпке қатысты. “Көршілер бақылауын” жүргізетін полиция қызметкерлері тұрғындарға 200-ге жуық ақпараттық кеңес беріп, 159 алдын алу әңгімесін жүргізген. “Көрші бақылауының” телефон нөмірі: 61-20-02.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp