«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мешіттің оқырмандарымен кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам Кенжетай Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен “Қызылжар” орталық мешітінің кітапханасында оқырмандар қауымымен “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. 

 

Роза ЫСҚАҚОВА,

“Қызылжар” орталық мешітінің кітапхана меңгерушісі.

Аталмыш отырыста ҚМДБ тарапынан жарық көрген діни әдеби кітаптар және газет-журналдар келген қауымға кеңінен насихатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында “Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыру қажеттігін” тілге тиек етті, яғни діни-ақпараттық насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу, рухани ағарту және тәрбие жұмыстарының сапасын көтеріп, тиімділігін арттыруға тиіспіз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 1432000 кітапты мешіттерге таратып, иманға шөліркеген жамағатқа жеткізді. ҚМДБ-нің жанынан діни сараптау комиссиясы құрылған. Діни сараптамадан өткен кітаптардың тізімі ғаламторда берілген. Сонымен қатар Алматы орталық мешітінің білікті діни ғалымдары атсалысқан аудио-дискілерде көтерілген мәселелер түсіндірілді. Бас имам Кенжетай Байкемелұлы аудио-дискілер өте ыңғайлы да тиімді ақпарат құралдарының бірі екенін және келешекте осы ақпараттық насихат жұмысы кеңінен ауқымды жүргізілетінін айтып өтті.

Дәстүрлі дінімізді насихаттауда ғаламтордың алатын орны ерекше. Осы орайда мешіттің ұстазы Хамзат Әділбеков ҚМДБ-нің рұқсат етілген сайттарымен таныстырып өтті. “Дөңгелек үстел” соңында оқырман қауым өз пікірлерін ортаға салды және көптеген сұрақтарына жауап алды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp