«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУСЫНДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛЫ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Маған газдалған сусындар ұнайды. Десе де, анам сусын орнына табиғи жеміс-жидектерден жасалған шырын ішуіме кеңес береді. Газдалған сусындардың адамның денсаулығына тигізер зияны қандай?

Әйгүл Бекжанова,

15 жаста, Петропавл қаласы.

Адам ағзасының үштен екі бөлігі судан тұрады. Әсіресе, жас адамның ағзасы суға бай. Кез келген адам күніне кемінде 2 литрдей сұйықтық қабылдауы керек. Алайда, қазіргі кезде көбіміз судан гөрі шырын, газдалған сусындарды, кофе, шай секілді сұйықтықтарды жиі ішеміз. Дәрігерлер сусындардың пайдасы мен зиянына қарай оларды бірнеше топқа бөледі. Ағзаға пайдалылығы жағынан суға жетері жоқ. Десе де, тәтті жеміс шырындары адамның күнделікті қалыпты калориясын түгел қамтып кетеді. Өйткені, шырын құрамында 2 мыңға жуық калория бар. Ал суды тамақтың алдында ішкен жөн. Сондай-ақ таза суды бірден көп мөлшерде емес, әрбір он-он бес минут сайын бірнеше ұрттамнан ішкеннің пайдасы зор. Газдалған сусын іштің түрлі ауруларына ұшыратады. Сондықтан үй жағдайында табиғи шырындарды дайындаудың тәсілін үйреніп, жастайынан денсаулығыңды күткен жақсы.  

 

Төменде шырын дайындаудың қарапайым әдісін көрсеткім келеді. Адам баласы ең көп тұтынатын жемістің бір түрі – алма. Ол әрі өзге жемістерге қарағанда арзан. Сонымен жуылған, қабығы аршылмаған 3 алманы теңдей бөледі, тостағанға салып, үстіне 1 литр су құяды. Қызуы төмен отта 10 минут ұстайды. Сосын жылы жерге қояды. 30 минуттан соң оған бал араластырады, шай орнына ішеді. Бұл шырын суыққа қарсы ем, шаршағанды басады әрі сергітеді.

Сұраққа жауап берген

Ботагөз АЙТБАЕВА,

дәрігер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp