«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстан Республикасына келді.

“Ташкент-2” әуежайында Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Ислам Каримов және Өзбекстанның жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин қарсы алды.

“Көксарай” резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтті. Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев және ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов қатысты.

 

Тар ауқымдағы кездесуден кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізілді.

Жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Екі ел басшылары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар, ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов пен ӨР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Зохид Дусанов ҚР Қаржы министрлігі мен ӨР Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы кеден арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру туралы Хаттамаға қол қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (ҚР МАМ) Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ӨР Мәдениет және спорт істері министрі (ӨР МСІМ) ҚР МАМ мен ӨР МСІМ арасындағы 2013-2015 жылдарға арналған Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ӨР Ішкі істер министрі Баходыр Матлюбов екі ел Ішкі істер ведомстволары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Өзбекстанмен қарым-қатынасқа баса мән беріп, оны Орталық азиялық аймақтағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты келіссөздер аяқталғаннан кейін мәлімдеді.

“Біздің ынтымақтастығымыз туындайтын барлық мәселелерді сындарлы түрде шешумен ерекшеленеді. Біз Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылының бірыңғай көзқарасына көбіне аймақтағы тыныштық, қауіпсіздік және жалпы алдағы гүлденуіміз байланысты болатынын жақсы білеміз”, – деді Қазақстан басшысы.

Елбасы атап өткендей, келіссөздерде Орталық Азиядағы жағдайды дамыту жөнінде егжей-тегжейлі және ашық пікір алысу болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp