«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫ СОҒЫП КЕТІП, оқиға орнынан ізін суытқан әйел ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ІІД-нің Жол полициясы басқармасының іздестіру бөлімінің мамандары баланы соғып кетіп, тәртіп сақшылары келгенше оқиға орнынан ізін суытқан 47 жастағы әйелді ұстады.

 

15 маусым күні түскі сағат 14.00 шамасында Петропавл қаласының Мир көшесі бойындағы аулалардың бірінде 4 жастағы баланы көлікпен басу оқиғасы орын алған. Тротуарда сноуборд теуіп жүрген баланы “Toyota” көлігін басқарған әйел автотұрақта айналам деп басып кеткен. Әйел бірден баланы ауруханаға апаруды ұсынған көрінеді. Алайда, оқиғаның куәгері болған көршілері дәрігердің көмегінен бас тартыпты. Осыдан кейін әйел оқиға орнынан кетіп қалған. Бала аяғының қатты ауыратындығын айтып шағымданғандықтан, ол ауруханаға жеткізілген. Ауруханада оның аяғының сынғандығы анықталған. Дәрігерлер аталмыш фактіні Жол полициясы басқармасына хабарлады.

 

ЖПБ-ның іздеу бөлімінің инспекторлары оқиға орын алған жердегі үйлердің тұрғындарына сұрау салды. Нәтижесінде қалалықтардың бірі “Toyota” көлігін басқарған әйелді танитындығын айтқан. Әйел анықталғаннан кейін телефон арқылы Жол полициясы басқармасына шақыртылды. Болған оқиғаны теріске шығармаған әйел не себептен жол полициясына хабарламағандығын түсіндіре алмады.

Қазіргі таңда аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптама жұмыстары жүргізілуде. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Үстіміздегі жылдың өткен 5 айында өңірімізде балалардың қатысуымен 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 1 бала көз жұмып, 21-і дене жарақатын алды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp