«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АПТАДА 3 ӨЛІМ ТІРКЕЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты СҚО ТЖ департаменті қайғылы оқиғалар мен төтенше жағдайлардан аулақ болу үшін су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері мен ормандағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

 

Өткен аптаның алғашқы күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мәдениет ауылы үшін қайғылы оқиғадан басталды. Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі департамент мамандары Шарық су қоймасынан аталмыш елді мекеннің 1957 жылы туған тұрғынының мүрдесін алып шықты. Балық аулаған ол белгісіз себептен суға құлап, қайыққа қайта шыға алмаған. Алдын ала құтқару жейдесін кимеген балықшы су құрбанына айналған. Сондай-ақ бейсенбі күні Талшық ауылының маңындағы Шат өзенінде құтқару жейдесін кимей шомылған 37 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін жағаға тәртіп сақшылары шығарды.

 

Биыл суға түсу маусымы басталғаннан бері облыстың су қоймаларында қайғылы қазаға ұшырағандар саны 8 адамға жетті.

Өкінішке қарай, Петропавл қаласында, Тимирязев, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда өрт оқиғалары тіркелді. Атап айтқанда, маусымның 10-ы мен 17-сі күндері аралығында өрттің салдарынан 2 темір гараж, 4 қора-қопсы мен 5 монша зақымданды. Облыста екі тұрғын үй отқа оранды. Егер Тимирязев ауылында тілсіз жау үйдің бөлмеаралық қабырғасы мен шатырын зақымдаса, Қызылжар ауданындағы Вознесеновка елді мекенінде жалмаңдаған өрт үй жиһаздарымен қоса, 1957 жылы туған баспана иесінің өмірін қиды. Құтқарушылардың пайымдауынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі себеп болған. Қаза тапқан азамат – жыл басынан бері облыста тіркелген өрттің 33-ші құрбаны. Ал жыл басынан бері жалпы 130 миллион теңгенің шығынын келтірген 333 өрт оқиғасы тіркелді.

Сондай-ақ жұма күні Петропавл қаласындағы “Горизонт” саяжайында шыққан өрт салдарынан ағаштан салынған саяжай отқа оранды. Ал жексенбі күні Борки кентіндегі “Полуостров” саяжайында монша отқа оранып, айтарлықтай зақымданды.

Өрт шыға қалған жағдайда және тағы басқа төтенше жағдай орын алғанда “101” және “112” телефондарына хабарласыңыздар.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp