«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ белсенді жүргізілуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер шағын бұзақылық фактілерін анықтау және болдырмау, “кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда.

 

Облыс орталығында тәртіпті реттеуге Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау бейнекамералары зор көмек болып отыр. Жаз мезгілі басталысымен полицейлер көшедегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мен анықтау жөніндегі жұмыстарын жандандырды. Бәрін көретін бейнекамералар арқылы полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудағы қылмыс пен құқық бұзушылықты ғана емес, шағын бұзақылық фактілерін де анықтайды. Көшеде құқық бұзушылықтың осы түрі көбірек жасалады.

 

– Бүгінгі таңда Петропавл қаласында Жедел басқару орталығының 36 бейнекамерасы орнатылған. Солардың арқасында жыл басынан бері 5000 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 3179-ы жол қозғалысы ережесін бұзу болса, 1578-і – қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және спирттік ішімдіктерді ішу, – дейді облыстық ІІД-нің ЖБО-ның бастығы, полиция полковнигі Ерлан Ақылбеков.

Жалпы облыс полицейлері жыл басынан бері шағын бұзақылыққа қатысты 851 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

* * *

Алматы қаласының ІІД-нің Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 177-бабы 3-тармағы “б” пункті (аса ірі көлемдегі алаяқтық), 229-бабы 1-бөлімі (жекеменшік нотариустар мен аудиторлардың өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша қарастырылатын қылмыстық істі тергеуде. Тергеу барысында жасалған қылмыстық фактіге қатысы бар анықталмаған тұлға белгілі болды: еуропалық, жас шамасы 43-47 аралығында, бойы 180-185 см., дене бітімі арықша келген, шашының түсі ақ сары, тік өскен, бет пішіні сопақша, көзі қара. 29.11.1964 жылы туған Петров Андрей Евгеньевич деген атқа 29.01.1999 жылы берілген, № 008760286 жалған жеке куәлігі болуы мүмкін.
Тұлғаны анықтаған кезде жергілікті құқық қорғау органдарына немесе 8(727)-261-29-36, 8-701-411-11-70, 8-707-400-03-26 байланыс телефондарына хабарлау қажет.
 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp